Ежелгі билер соты: мәселенің ресейлік революцияға дейінгі тарихнамасы (XIX–XX ғ. басы)

Авторлар

  • Z. Mazhitova М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті

Аңдатпа

Мақалада ресейлік революцияға дейінгі зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапқан қазақ дәстүрлі қоғамындағы ежелгі билер сотының мәселелері қарастырылады. Билердің қоғаммен артылған міндеттерді адал атқаруы лайықты бедел мен «билеу» түріндегі материалды сыйақы ретінде қайтарылатын жақсы даңқтың кепілі болды. Тағы да қоса кететін жайт, әрбір би сот тәжірибесін ұлғайтып өз ауылының шеңберінен шығуға тырысты. Бұл орайда, осыған дейін біз атап өткендей, байлыққа байсалды қараған көшпенді қоғамның ерекшелігін ескере отырып, ешқандай материалдық құндылықтар бидің өзіне тиесілі ауылдың шеңберінен тыс жерлерде сот ретінде танылуының кепілі бола алмады. А.И. Добросмысловтың пікірінше, биді таңдаудағы басты факторлар ретінде байлық пен тектілік саналды. Қол жетілген талдаудың негізінде, автор осы мәселе бойынша тарихнамада екі қарама-қарсы көзқарастардың айқындалғандығы туралы ойға келеді: бірінші бағытта соттың ұйымдастырылуы негізінде билердің моральдық-өнегелік қасиеттері алынған болса, екінші бір бағытта рулық қауымның күші, билігі және байлығы көрсетіледі. Билер туралы осыншама көптеген пікірлердің болуын қазақ дәстүрлі қоғамының орталық институтының көп мәнге ие екендігімен түсіндіруге болады.
Түйін сөздер: билер, ежелгі сот, тарихнама, дәстүрлі қоғам.

Жарияланды

2019-12-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы