Қырғызстандағы қазақтардың этникалық тарихының кейбір мәселелері

Авторлар

DOI:

10.26577/JH-2019-4-h10

Аңдатпа

 Мақалада Қырғызстандағы қазақтардың қалыптасуы тарихындағы маңызды аспектілер қарастырылады. Онда миграциялық үдерістердің объективті және субъективті себептері анықталады, орналасу түрлері мен типтері (шоғырлана және шашырай), қазақ диаспорасының рулық және этникалық құрамымен байланысты санының статистикалық ауытқу динамикасы талданады. Автор архив, статистикалық және далалық этнографиялық деректерді ғылыми айналымға айналдыра отырып, Қырғызстан территориясында этникалық қазақтардың қалыптасуындағы негізгі факторларды айқындайтын деректермен, осы кезеңге дейін тарихи оқиғалардың кейбір зерттелмеген беттеріне жүйелі түрде шолу жасайды. Сондай-ақ, бірінші орыс санақ материалдары мен мемлекеттік актілерді және кеңес өкіметінің бұйрықтарын пайдалана отырып, автор, орыс отаршылары саясаты орнына келген әкімшіл-әміршіл, тоталитарлық жүйенің, яғни көптеген этникалық құрамды қамтитын империя аталған жүйе саясатын айқындауға тырысқан. Автор Қырғызстандағы қазақ диаспорасының қалыптасуындағы тарихи кезеңдерді ажырата отырып, қалыптасу кезеңіндегі 1916 ж. көтерілісті, ұжымдастыру оқиғаларын және 1932-1933 жылдардағы ашаршылықпен байланыстылығындағы тарихи маңызды кезеңдерді айқындайды. Аталған мақаланы зерттеудегі тағы бір маңыздылығы автордың Қазақстан Республикасының егемендігін алғаннан кейін отан тарихы көкжиегінде әлеуметтік-тарихи феномен ретінде пайда болған оралман-репатрианттарды қарастыруы. 

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-21

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы