Оғыз тайпаларының түркі халықтарының этногенезіндегі орны: Орта жүз қазақтары мысалында

Авторлар

  • G. Habyzhanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-4997-5215
  • A. Koshymova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-8059-3314
  • N. Baygaraev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-8128-5700

DOI:

10.26577/JH.2020.v96.i1.11

Аңдатпа

Қазақ халқының қалыптаcуындағы оғыз компонентінің рөлі тарихнамада назардан тыс
қалып келе жатқан мәселе болып табылады. Зерттеудің маңыздылығы соңғы жылдардағы
тарихи зерттеулер мен ауыз әдебиеті үлгілерін (шежіре деректері, шежірелік аңыздар) заттай
деректердің маңызды бір тобы ру-тайпа таңбаларының пайда болуын зерттеу барысында қазақ
халқын құрап отырған ру-тайпалардың қалыптасуында оғыздық компоненттің ежелгі дәуірлерден
бастап белсенді рөл атқарғанын көруге болады. Сондықтан мақалада қазақ ру-тайпаларының
қалыптасуындағы оғыздардың рөлі талданады.
Ру-тайпалар тарихымен терең байланысқан қазақ халқының тарихы тікелей рулық-тайпалық
құрылымдар мен аймақтардың бірлігі негізінде зерделенеді. Мұндайда әрқашан ескеруді
қажет ететін маңызды мәселе – қазақ халқын қалыптастырып отырған жалайыр, найман,
қаңлы, қоңырат, адай, жаппас және т.б. осы тәріздес үлкен-үлкен рулар өздерінің этникалық
бастауларын оғыздармен байланыстырады. Арғы тегін оғыздардан, қыпшақтардан және т.б.
әртүрлі түркітілдес бірлестіктерден бастау қазақ халқының, ұлтының өзіне ғана тән тарихи
ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • G. Habyzhanova, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    т.ғ.д., профессор

  • A. Koshymova, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    PhD

  • N. Baygaraev, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    PhD докторы, доцент м.а.

Жарияланды

2020-03-27

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы