Авторское право

«ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы» журналында жарияланған мақалалардың авторлары баспаға алғашқы жариялау құқығын береді және өз еңбектерін Creative Commons Attribution–NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясының талаптарына сәйкес лицензиялайды. Жарияланған материалдардың құқық иесі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Авторлық зерттеу тұжырымдамасын әзірлеуге, қолжазбаны дайындауға, нәтижелерді талдау мен түсіндіруге елеулі ғылыми үлес қосқан тұлғалармен ғана шектеледі. Барлық авторлар ғылыми адалдықты сақтауға және жарияланым этикасының халықаралық нормалары мен COPE қағидаттарына сәйкес жариялау этикасы стандарттарын ұстануға ортақ жауапкершілік көтереді.

Creative Commons Attribution–NonCommercial 4.0 International лицензиясының талаптарына сәйкес авторлар өз қолжазбаларына қатысты жеке мүліктік емес құқықтарын сақтайды, сонымен бірге пайдаланушыларға авторлығын міндетті түрде көрсету, «ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы» журналындағы түпнұсқа жарияланымға дұрыс сілтеме жасау және енгізілген өзгерістерді белгілеу шартымен материалдарға қол жеткізуге, оларды оқуға, жүктеп алуға, көшіруге, таратуға, қайта жариялауға және коммерциялық емес мақсаттарда бейімдеуге айрықша емес құқық береді.

Жарияланған материалдарды коммерциялық мақсатта пайдалану құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Авторлар жарияланған мақалаларын институционалдық репозиторийлерде, академиялық желілерде, жеке веб-ресурстарда және басқа да коммерциялық емес платформаларда орналастыруға және таратуға құқылы. Бұл ретте «ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы» журналындағы түпнұсқа жарияланымға міндетті түрде сілтеме берілуі тиіс.