Қазақстан Республикасында электрондық мұрағат құжаттарын қабылдау мен берудің өзекті мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v113i2-09Аннотация
Электрондық ресурстар мен цифрлық технологиялардың дамуы электронды құжат айналымына көшуге және құжат айналымын цифрландыруға ықпал етті. Осыған байланысты оларды сапалы сақтау және электронды мұрағат құру мәселесі туындайды. Осыған орай, біздің мақаламыздың мақсаты – еліміздің электрондық мұрағаттарының қызметін реттейтін мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерін зерделеу. Осы мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының электрондық мұрағатына кіретін құжаттардың тізбесін анықтау, Қазақстанның электрондық мұрағаттарының дамуы мен қолжетімділігін айқындау міндеттерін шешу қажет. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу қажет: еліміздің электрондық мұрағатына енгізілген құжаттардың тізбесін анықтау, Қазақстан Республикасындағы мұрағаттық құжаттарды цифрландыру және қолжетімділік ережелерін қарастыру, сондай-ақ қазіргі кездегі өзекті міндеттер мен перспективаларды анықтау. Нәтижелер. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының қабылдануымен жыл сайын 500 мыңнан астам парақты құрайтын мұрағат құжаттары цифрланады, алайда 2023 жылдың басына қарай Ұлттық мұрағат қорының 16 миллионға жуық сақтау бірлігін құрайтын Мемлекеттік сақтаудағы Қазақстандық жалпы көлемінің тек 5% ғана цифрық нысанға көшкен. Бұл көрсеткіш мұрағаттардағы ақпараттық жүйелерді пайдалану тиімділігінің төмендігін көрсетеді. Зерттеу еліміздің мұрағаттарында «Архивтік анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін немесе мұрағаттық үзінділерді беру» онлайн қызметі жүзеге асырылатынын, олар азаматтарға www.egov.kz ресми сайты және «Egov» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді екенін көрсетті. Цифрланған мұрағат материалдарының қолжетімділігі Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары сияқты еліміздің өңірлік мұрағаттарында айтарлықтай өзгереді, олардың ресми веб-беттерінде электронды материалдарды іздеу және оларға қол жеткізу оңай және жылдам, ал Алматы, Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл облыстық мұрағаттарында веб-парақшаға кіру шектелген. Қорытынды. Зерттеу көрсеткендей, электронды мұрағатқа енгізілген құжаттар тізімі заңды түрде белгіленбеген, электрондық цифрлық қолтаңбаның әрекет ету мерзімі бір жыл ішінде аяқталады, бұл расталған құжаттардың заңдылығына күмән туғызады. Сондай-ақ мұрағат ісі және құжаттама саласындағы нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу және жетілдіру ғана емес, сонымен қатар веб-ресурстарды құру бойынша мұрағаттарға арналған нұсқаулықтарды дайындау маңызды екенін көрсетті.
Түйін сөздер: электронды мұрағат, Қазақстан, цифрландыру, дамыту, енгізу, құқықтық актілер