АХМЕД ИҮГІНЕКИДІҢ «АҚИҚАТ СЫЙЫ» ЕҢБЕГІНДЕГІ НЕГІЗГІ ОЙЛАР

Авторы

  • О. Х. Мухатова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
        289 2910

Аннотация

Мақалада тарихнама ғылым саласында тарихи ой және тарихи білім, тарихи таным деген ұғымдар басты түсініктер болып саналатындығы, тарихи ой, тарихи білім тарихнама ғылымының дамуын және тұрақты қозғалу үрдісін көрсететіндігі жөніндегі ғылымда орныққан ғылыми тұжырымдар баяндалады. Тарихи ойдың дамуы үдерісіндегі түркі кезеңінде пайда болған «Ақиқат сыйы» еңбегінің дерек ретінде пайда болу объективтілігі және сақталу формасы қарастырылады. Ахмед Иүгінекидің өмірбаянына қатысты қысқаша мәлімет беріледі. Автор шығарманың мазмұнын ашып, негізгі идеяларын талдайды. Ахмедтің білімнің пайдасы мен надандықтың зияны, тіл және соған байланысты әдеп туралы ойлары ашып көрсетіледі. Ойшылдың адамның бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттер шығармадан мысал келтіру арқылы айқындалады. А. Иүгінекидің дүниенің үнемі өзгеріп тұратын құбылыс және үдеріс ретіндегі танымы мен көзқарасына назар аударылады. Еңбектің тәрбиелік маңызына баға беріледі. А. Иүгінекидің тарихи ойлары Абай Құнанбайұлының көзқарастарымен салыстырылады.

Загрузки

Как цитировать

Мухатова, О. Х. (2018). АХМЕД ИҮГІНЕКИДІҢ «АҚИҚАТ СЫЙЫ» ЕҢБЕГІНДЕГІ НЕГІЗГІ ОЙЛАР. Вестник КазНУ. Серия историческая, 87(4), 34–39. извлечено от https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/160

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая