Қазақ халқының ұлттық тәрбиесіндегі құқықтық сарын

Авторлар

  • Гулмира Сабденова
  • Айгул Усерова
  • Досбол Байгунаков
        35 94

Аннотация

Қазақтың дәстүрлі құқық жүйесіндегі танымдық және тәрбиелік негіздер зерттеудің пәні болып табылады. Ізгілікке бағыттайтын қазақ халқының отбасылық және ұлттық ілім-біліміндегі дәстүрлі құқықтық идеология зерттеу нысаны ретінде алынған. Зерттеуде қазақ халқының әдеті мен ұлттық бірыңғайлығындағы дәстүрлі құқықтық мәдениеттің гносеологиялық негіздері сөз болады. Эвристік ұстанымдар негізіндегі мәліметтер бойынша дәстүрлі құқықтық рухта тәрбиелеудің табиғаты түсіндіріледі. Ұлттық мәдени құндылықтар жүйесіне, оның ішінде қоғамды тұрақтандыратын және ондағы тәртіпті ұстап тұратын құндылық құралы ретіндегі құқыққа ерекше назар аударылады. Авторлар қазақ құқықтық мәдениетінің қалыптасуына ықпалын тигізген көшпелі қоғамдардағы құндылықтар бағыттарын атап кетеді. Зерттеу әдіснамасы ғылыми ізденістің мынадай ұстанымдарына, принциптері мен әдістеріне негізделген: біріншіден, қазақ халқының дәстүрлі құқықтық ой-пікірлерін ұлттық рухани мәдениеттегі рефлексивті қабылдауға бастама беретін мәдени-өркениеттілік ұстаным қолданылады; екіншіден, дәстүрлі принциптерден (шынайылық, тарихилық, т.б.) басқа ойшылдардың мемлекеттік-құқықтық көзқарастарын қайта қалпына келтіру, т.б. әдістер кеңінен пайдаланылып, халықтың құқықтық таным-түсінігі, қазақтың тарихи-мәдени дәстүрлері мен жосын-жоралғылары талдаудан өткен. Қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық идеология аксиологиясы құқық туралы қоғамдағы тұрақтылықты ұстап тұратын және абсолюттік құндылықтарды сақтаушы ретіндегі құрал болып саналған және де ол сан ғасырлар бойы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарып келген. Дәстүрлі қазақ құқығы мүмкіндігінше өзгенің құқықтық тәжірибесіне негізделген рецепцияны жібермеуге тырысқан.

Жүктелулер

Как цитировать

Сабденова, Г., Усерова, А., & Байгунаков, Д. (2017). Қазақ халқының ұлттық тәрбиесіндегі құқықтық сарын. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 85(2), 48–55. вилучено із https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/111

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества