ОТАН ТАРИХЫН ДӘУІРЛЕУ
DOI:
10.26577/jh.2020.v97.i2.21Аңдатпа
Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік алуы ғылымды жаңа өзгерістерге алып келді. Сондықтан
да Қазақстан тарихы ғылымына қоғамдық жаңа ұлттық тарихымызды жазуға әлемдік тарих
ғылымында өткен дәуірлеу мен қазіргі кезеңдегі тарихи құбылыстардың кезеңдік межелерін
айқындау тәжірибесі бар екені мәлім. Кезеңдеу – тарихи процестерді сараптау құралы ретінде
қызмет ететіні белгілі. Сондықтан ол ең алдымен тарихи дамудың дәуірлері мен кезеңдерінің
шартты белгілері эра, эпоха, период, этап ұғымдарына назар аудару.
Дәуірлеу мәселесі осыған сәйкес белгілі бір тарихи мерзім ішінде өндіргіш күштердің,
қоғамдық қатынастардың, қоғам ахуалының, мәдениетінің даму кезеңдері сараланып шығады.
Қазақстанның тарихын кезеңдерге бөлу қаншалықты күрделі болса, соншалықты жүйеге түспеген
мәселе.
Сондықтан да ғылымның алдында мынадай міндеттемелер айқындала түсті: Біріншіден,
тарихи материализмге негізделген маркстік-лениндік идеология мен методологияның тоқырауы
қазақстандық тарих ғылымының алдында тарихты кезеңге бөлудің теориялық жаңа негізін жасау
мәселесін туғызды.
Екіншіден, бұл қазіргі кезеңдегі көкейкесті мәселе, өйткені уақыт өлшемімен алғанда
тарихи процестерді кезеңдерге бөлудің жүйесі болмайынша, өткенді зерттеу, қорытындылаушы
еңбектер жазу, Қазақстан аумағында өткен тарихи процестердің схемасын құру.








