Соғыс және депортация: қоныс аудару және кәріс жер аударушыларының тағдыры туралы
DOI:
10.26577/jh.2020.v97.i2.09Аңдатпа
Партияның орталық және республикалық органдарының нормативтік құжаттарына,
Қазақстан мұрағаттарынан алынған құжаттар топтамалары мен жасырын жарияланған мұрағат
құжаттарына сүйене отырып, мақалада халықтарды Қазақстанға депортациялау процестері кәріс
этникалық тобының мысалында талқыланылды. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Орталық
мемлекеттік мұрағатының (Алматы) (ҚР ОМА) және Қазақстан Республикасы Президентінің
архивінің (Алматы) (ҚР ПА) құжаттары зерделенді.
Бұл мақаланың мақсаты – кәрістердің жер аударуының мысал ретінде қолдана отырып,
Қазақстанға жер аударылған халықтың жағдайын, экстрималды көшіру жағдайындағы ерлер мен
әйелдердің өмір сүру тәжірибесін зерттеу.
Зерттеу барысында кәріс этникалық тобын мысал ретінде қолдана отырып, Қазақстанға
жер аударылған халықтың материалдық-тұрмыстық, медициналық-санитарлық жағдайы мен
әлеуметтік қауіпсіздігінің ерекшеліктері қарастырылды. Депортацияға ұшырағандардың
әлеуметтік құрамы, білім алу және ұлттық тіл мен мәдениетті сақтау мәселелері қарастырылған.
Жер аударылған халықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте қиын болды, жаңа
ортаға бейімделу, ресурстардың апатты түрде жетіспеушілігі сияқты жағдайлардың барлығы
корей халқының рухын көтерді. Жер аударылған халықтардың ХХ ғасырдың бірінші жартысында шеккен қиындықтары мен зардаптары Қазақстанның және бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің көптеген халықтарының жадында ұзақ сақталады.








