Азербайжанда XX ғасырдың 20-30 жылдарында елтану саласы бойынша библиография қызметінің дамуы
Аңдатпа
Елтану библиографисы елге байланысты маңызды құжаттарды жинастыратын және сақтайтын, оларды жүйелейтін, топтастыратын дайындайтын, библиографиялық мәліметтерді сұраушыларға жеткізетін салалық библиография болып есептеледі. Елді танытатын әдебиеттерді іріктегенде оның негізіне құжаттардың маңызды белгілері алынады. Ел туралы маңызды мәліметтер кездессе, ол жұмс қай жерде, қай тілде жазылғанына қарамастан библиография тізіміне енгізіледі. Елтану библиографиясына сонымен қатар республикалық баспасөзде жарияланған библиографияда кіргізіледі.
Өлкетану библиографиясы өзінің мазмұнына орай табиғи географиялық жағдайлар туралы, тарихипен мәдениет, салт-сана мен дәстүр туралы құжаттарды жинастыруды және зерттеуді өзінің алдына міндет етіп қояды. Мақалада Азербайжада ХХ ғасырдың бас кезіндегі елтану саласының библиографиялық қызметі әңгімеленеді.








