Баймұхамедов сұлтандары: Ресей империясы дворяндығының құрамына кіру үрдісі

Авторлар

  • Г.С. Султангалиева
  • У.Ж. Тулешова

Аңдатпа

Берілген мақалада Баймұхамедов сұлтандары мысалында, жергілікті элита өкілдерінің, шенеунік құрамына және Ресей империясының үстем табы – дворяндыққа ену механизмі қарастырылады. Ресей билігінің Кіші және Орта жүз территориясында ХІХ ғ. бірінші жартысында жүргізген реформалары бұған негіз болды. Нәтижесінде, дәстүрлі әлеуметтік-саяси құрылымның ыдырау процесі дәстүрлі жүйенің (ханның) жойылуы арқылы жүзеге асып, ХІХ ғ. 20-жылдарынан бастап жаңа сословиелік топтардың қалыптасуы басталды. Бұл көнтекстіде аға сұлтандар (Орта жүзде) және сұлтан билеушілер (Кіші жүзде) ресейлік билікті жүзеге асырудағы ең ұйымдасқан әрі ықпалды әлеуметтік топқа айналып, ХІХ ғ. 60-жылдарына дейін көшпелі қоғамдағы билікке жеке дара ие болды. Бұл зерттеудің жаңашылдығы: отандық тарихнамада алғаш рет Кіші жүз ханы Әбілхайыр ұрпақтарының – Баймухамед Айшуақов пен Мұхамеджан Баймухамедовтың ресейлік шенеунік жүйесімен (әскери шен, ордендер мен медальдар беру) қатар дворяндық Ресей империясының үстем сословиесі – дворяндыққа ені механизмі қарастырылған. Мақала материалдары ҚР ОММ қорларынан алынған құжаттар мен тарихи әдебиеттерге негізделген.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-10-14

Журналдың саны

Бөлім

2-бөлім Дүниежүзі тaрихы