ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылыры және ұлттық идея
Аңдатпа
Берілген мақалада ХХ ғасырдың басында патша өкіметіне қарсы оппозицияда болған саяси партиялардың бағдарламалары, іс әрекеттері, жолдары, өздерінің көздеген мүдделері, зиялы қауым өкілдеріне тән өркениеттік деңгейдегі мәдениеттері қарастырылып, Алаш қозғалысының қызметінде ұлттық мемлекеттілік идеясының қалыптасуына шолу жасалады. Сонымен қатар Түркістан ұлтазаттық қозғалысы және Түркістан мұхтариятындағы зиялылардың ұлттық тәуелсіздікті сақтау жолындағы күресіне қатысты материалдардың мазмұны да талданады. Сонымен қатар ХХ ғасыр басындағы түркі консолидациясы мен қалыптасқан саяси ахуал арасындағы байланыстарға баға беру арқылы, түбі бір түркі елдерінің басын қосуы тиіс болған бағыттар мен идеялар анықталады. Зерттеудің негізгі мақсаты ұлт зиялы қауымы өкілдерінің ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру мәселесіндегі қызметі және ұлттық идеологияны қайта жаңғыртудағы ісәрекеттеріне талдау жүргізу. ХХ ғасырдың басында ұлт зиялылары қазақтың ұлттық идеясын қалыптастыру міндетін өз мойнына алып, ұлттық бірігу мүддесін ұсынуы мақалада жалпы қарастырылады.








