Қытай Халық Республикасының Хэйлунцзян (фу-юй) провинциясындағы қырғыздар
DOI:
10.26577/JH-2019-1-405Аңдатпа
«Қырғыз» этнонимі еуразиялық кеңістікте кеңінен таралған. Бұл этноним топонимикада да, гидронимдер мен оронимдерде де жиі кездеседі. Көшпелі қырғыздар ежелден, әсіресе, орта ғасырларда белсенді түрде қоныс аударған, сонымен бірге олар этномәдени қарым-қатынастар барысында Орталық және Орта Азиямен шектес аумақтардың халықтарының тарихи-мәдени келбетіне елеулі үлес қосты. Солтүстік-Шығыс Қытайдағы (Хэйлуньцзян шет аймағы) ғасырлық
көші-қон процестері мен этномәдени қарым-қатынастары нәтижесінде Фую қырғыздары пайда
болды. ХХ ғасырдың орта кезеңінен бастап, әлемнің түркітілдес халықтарының ішіндегі ең
шығыстық өкілдерінің өзіндік мәдениеті, тарихшы-этнографтар тарапынан үлкен қызығушылық
тудыруда. Ғылыми әдебиетте, Фу-ю уезінде (Хэйлуньцзян шет аймағы, ҚХР) тығыз орналасқан
бұл этникалық топ, «фу-ю» немесе «фу-юй» атымен белгілі. Жалпы саны 1500-ден астам
адамнан тұратын фу-ю қырғыздары өздерін «қырғыз», «хэргэз» немесе «тиртиз» деп атайды.
Антропологиялық типке сай, фую қырғыздары – манжур, моңғол, даур, эвенктер секілді көрші
халықтардан айырмашылығы – ақсары және еуропеоидтік бет әлпетімен ерекшеленеді. Бірақ
олардың арасында жирен немесе ашық-қоңыр шашты аққұба қырғыздар да бар. Шаруашылық
құрылымына келетін болсақ, фую қырғыздары – ең алдымен малшылар (мүйізді ірі және ұсақ
қара мал). Түркі тілдер тармағының бір бөлігі болып табылатын фую қырғыздарының тілі, хакас
пен шор халықтарының қазіргі тілдерімен ортақ тамыры бар екендігі ғылымда дәлелденді.
Сонымен бірге, ол сары ұйғыр мен лобнор халықтары тілдірімен де өте ұқсас келеді. Фую уезінің
қырғыздары алты руға бөлінеді: Табхын, Табындыр, Чигдыр, Сандырдыр, Былтырды, Өрттыр
немесе Кэргэстер (қырғыздар). Бастапқы кезде, Енисей қырғыздарының қазіргі Моңғолия
аумағына, кейін Маньчжурияға қоныс аударуы Юань дәуірінде Құбылай ханның билігі кезінде
басталды. Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы (ортаазиялық Қайду хан мен қытайлық Құбылай
хан) өзара соғыстарында қырғыздар екі тараптан да Қарақорымның ашық кеңістігінде қанды
күреске қатысты. Фую қырғыздарының дәстүрлі шаруашылық түрі отарлы мал шаруашылығы
болды. Жылқы, қой, сиыр ұстаған. Ат пен итті бірге ілестіріп, аңшылықпен айналысқан. Ел
аузындағы әңгімелерден, фую қырғыздарының бидай дәндерін ХІХ ғасырдың ортасынан бастап
өсіре бастағаны белгілі болды. Ерте кезде фую қырғыздарының тұрғын үйлері киіз үй болды,
бірақ шамамен ХІХ ғасырдың бірінші жартысының орта кезінен бастап тұрақты құрылыс үйлеріне
көшуге кірісті. Бұрынғы кезде фую қырғыздары ұзын жеңді, белдеуі бар бос киім киетін болған.
Әйелдер кестеленген гүлді киім киетін. Әйелдер де, ер адамдар да жазда масадан қорғайтын,
ақ матадан жасалған бас киім, ал қыста қозы жүнінен жасалған қалпақ киетін болған. Қырғыз
қоғамының бай мүшелері түлкі терісінен бөрік киген. Қысқы киім-кешек негізінен былғары
киімдерден және көбінесе қой терісінен тігілді, ал қырғыздардың байлары түлкі терісінен ішік
киетін. Дәстүрлі музыкалық аспаптары хакастардың хомызы (ішекті аспап) мен хобраға (сыбызғы
тәрізді) ұқсас болған.








