Хазірет Досжан Қашақұлы – Тақуаның жолы
DOI:
10.26577/JH.2020.v98.i3.08Аңдатпа
Мақала Батыс Қазақстан және оған шекаралас Өзбекстан, Қарақалпақстан және Түрікменстан
аумағына танымал хазірет Досжан Қашақұлының діни-ағартушылық қызметіне арналған (1815-
1890). Болашақ уағыздаушының туған ауылы, Орынбор губерниясы медресесі мен тыс жердегі
білім жолы арнайы әдебиеттер және ел арасынан жинаған мәліметтер негізінде талдау жасалған.
Аталған қызметтің қатарында жетім балаларды қосқанда екі мыңға жуық оқушы білім алған
жаңадан ашылған мешіттер мен медреселер бар.
Ол көпшілік қауымға Меккеге қажылыққа барған алғашқы қазақтардың бірі ретінде ғана
емес, сонымен қатар Абайдың әкесі Құнанбаймен бірге жерлестері үшін сол жерде қонақтар
үйін (такия) салған азамат ретінде танылған. Кейбір мәліметтер бойынша хазірет жеке мүфтият
ашу туралы ұсыныс жасаған. Алайда патша сатраптары бұл ойды бұғаттап тастаған. Ұсынылған
басылымда тұлғаның туған жерінде кешенді егіншілік пен бау-бақша шаруашылығын дамыту
мәселелері де назарға алынған. Оның шәкірттері мен мектептерінің қалыптасуы хазіреттің дін
жолындағы қызметін сол аумақ пен шекаралас жерлерде танымал болды.
Сонымен қатар мақалада хазіреттің ұрпақтарының сталиндік қуғын-сүргін жылдарындағы
қайғылы тағдыры, оның мұрасының қазіргі күні Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар
тізіміне кіріп, діни-ғибадаттық кешеннің қайта қалпына келтірілуі қарастырылған. Қорытындыда
Досжан Қашақұлының туған халқының игілігі үшін атқарған жартығасырлық діни-ағартушылық,
қоғамдық және тақуалық қызметі тұжырымдалған.








