Ерте темір дәуіріндегі Қазақстанның ежелгі тұрғындары (жалпы шолу)

Авторлар

DOI:

10.26577/JH.2020.v98.i3.04

Аңдатпа

Сақ-савромат әлемі (ауқымды жері, өзіндік ортақ құндылығы, бағдары т.б.) әлемдік мәдени-
тарихи үрдістердің маңызды құрамдас бөлігі ретінде Шығыс (Цинь және Хань әулеті билік
құрғандағы Қытай, Ордостың малшылары) пен Батыс (Қаратеңіз маңындағы скифтер мен гректер)
өркениеттері арасындағы тұрақты сауда және мәдени байланыстарды қамтамасыз етті. Әр әлем
өзіндік шаруашылық құрылыммен, экономикамен, заттай, мәдени және рухани құндылықтармен
тіршілік етті.
Қазақстан климатының құрғақшылыққа ұшырауы кезеңінде қазіргі заманға ұқсайтын табиғи-
климаттық елеулі өзгерістер орын алды. Шаруашылық жүргізудің жаңа түрі заттық және рухани
өмірдің барлық салаларына айтарлықтай өзгерістер әкелді. I мыңжылдықтың басынан бастап
Еуразияның далалық белдеуінде жаңа мәдениеттер қалыптаса бастады.
Мақалада Қазақстанның ежелгі тұрғындарының «патшалық» обалары мен ғибадатханалары,
олардың құрылымдық ерекшеліктері, монументальдығы мен заттар кешені қарастырылды.
Ірі обалы қорымдар ірі қоғамдық құрылымдардың саяси орталығын белгілеп берді. Мұнда
қорымда тұрғызылған обалар адамның о дүниеге өтер уақытша тұрағы саналады. Зергерлік
өнер туындылары қоғамның технологиялық жетістіктерінің деңгей көрсеткіші, ал аң стилінде
жасалған әр бұйым құпияға толы.
Сонымен қатар мақалада Қазақстанның ерте темір дәуіріне қатысты жаңа зерттеулерді
талдай отырып, ежелгі тұрғындардың құрылыс ісінің даму деңгейі, олардың өмір мен өлім жайлы
түсініктері және әдет-ғұрыптарының күрделілігіне жалпы шолу берілген.

Жарияланды

2020-10-14

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы