Орталық Азия және ұлттық құрылыс мәселелерінде бірегейліктің қабылдануы: Өзбекстан мысалында
DOI:
10.26577/JH.2020.v98.i3.03Аңдатпа
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бастап, Орталық Азия мемлекеттері халықаралық қатынастарды
аймақтық зерттеуге қызығушылық тудырғаны тарихтан белгілі. Белгілі ағылшын
геосаяси маманы Дж.Макиндер Орталық Азияның мемлекеттері геосаяси мағынадағы «жүрек»
екендігін айқындаған. Оның пікірінше, Орталық Азия мемлекеттерінің жер шарының «әлем
аралы» деп аталатын жерінде орналасуы, сондай-ақ оның географиялық орналасуы аймақтың
халықаралық қатынастар жүйесіндегі орнын анықтайтын негізгі факторлар болып табылады.
Тарихта ұлы империялар үстемдік еткен Орталық Азия аймағындағы мемлекеттерде өмір
сүретін халықтар қырғи-қабақ соғыстың аяқталуынан кейінгі өтпелі кезең ішінде ұлт құру,
ұлттық бірегейлікті қабылдау және Тәуелсіз дербес мемлекет құру, оны қазіргі заманғы әлем
тарихындағы мемлекеттермен тең қалыптастыру сияқты бірқатар қиындықтарды бастан өткерді.
Кеңес Одағы кезінде Орталық Азияның Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан
және Тәжікстан сияқты мемлекеттерінде ұлттық бірегейліктің қабылдануы мен тәуелсіздік
алғаннан кейінгі ұлттық бірегейлік концепциясы арасындағы ұғымдардың айырмашылығын түсіну
маңызды. Атап айтқанда, аймақтық тұтастық пен қауіпсіздік тұрғысынан Тәуелсіздік алғаннан
кейінгі Өзбекстандағы мемлекеттік құрылыс процесінде маңызды факторларды зерделеу қажет.








