Шетел дереккөздеріндегі «қазақ» сөзінің мәні

Авторлар

DOI:

10.26577/jh.2020.v97.i2.13

Аңдатпа

«Қазақ» сөзінің шығуы қай кезеңнен бастау алады және қандай мағына береді? Бұл пікірге
қатысты зерттеушілер пікірі сан алуан. Мақалада автор «қазақ» терминінің орта ғасырлық
деректерде қандай мағынада айтылғаны және оны оның қандай мәнде қолданылғанына
тоқталады. «Қазақ» сөзіне қатысты сонымен қатар шетелдік зерттеушілердің еңбектеріне
сүйеніп, бірқатар зерттеулердегі аталмыш терминнің зерттелуіне сараптама жасалынады. Қазақ
сөзі Отандық тарихнамада қосарланған сөз, яғни екі сөздің бірігуінен дүниеге келген термин
ретінде ұсынса, ал шетел зерттеушілерінің пікірінше етістіктен туындаған зат есім түрінде
баяндалған. Қазақ сөзі «қазақшылық», яғни тонаушылық мағынасында ұсынылған. Ал кейбір
неміс зерттеушілері XV ғасырдан бастап «қазақ» сөзі тіпті ақсүйектерге, яғни хан тұқымдарына
қатысты қолданылған деген болжамда айтқан. Автор өз мақаласында, «қазақ» терминіне «қашқын,
қаңғыбас» дегенге қарағанда, «еркіндік сүйгіш, тәуелсіз адам» деген ұғымға тоқталған. Сондай-ақ
«қазақ» терминіне «тонаушылық, қарақшылық» дегеннен гөрі, «келешек үшін күрес, халық бірлігін
нығайту жолындағы күрес» деген анықтама нақтырақ болады деген пікір ұсынады. Себебі, автор
пікірінше «қазақшылық» жолын жүріп өткен тарихи қайраткерлер мен тарихи тұлғалардың
барлығы дерлік, жүре келе жаңа бір мемлекеттің негізін салушыларға айналған болатын.

Жарияланды

2020-07-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы