Орыс зерттеушілерінің моңғолдардың діни саясатына баға беруіндегі ерекшеліктері
DOI:
10.26577/JH-2019-4-h5Аңдатпа
зерттеушілер мақалада тарихнаманы шартты түрде екіге бөліп қарастырды:
шолу зерттеулер; деректерді зерттеуге арналған арнайы еңбектер. Сараптама жасау негізінде
моңғолдардың діни саясатына баға берудің ерекшеліктері белгіленді. Осы мәселеге революцияға
дейінгі ғалымдардың
көзқарастары талданды. Революцияға дейінгі концептуалды тәсілдерге
сипаттама жасалынды
және моңғолдардың қазіргі кезеңдегі діни саясатына салыстырмалы
талдау жасалынды. Революцияға дейінгі авторлардың ой-тұжырымдары осы бағыттағы кейінгі
еңбектерге бағдар, негіз
болғандығы көрсетілді. Ғылыми көзқарастардың сабақтастығын және
осы мәселенің әлі де ашылу керек аспектілерін көрсетуге талпыныстар жасалды. Еңбектердің
аздығы мен спецификалығына
қарамастан, революцияға дейінгі тарихшылар бірқатар мәселелерді
шеше алды: моңғол хандарының діни саясатына деген азды-көпті объективті көзқарас қалыптасты;
Ғылыми айналымға әртүрлі, көптеген деректердің енуімен, мәселеге сыни көзқарас қалыптасты;
монғол
хандарының жаулап алған халықтармен қарым-қатынастары біржақты болмағандығы туралы
түсінік орнады; тарихты зерттеудің жаңа тәсілдері пайда болды (позитивизм); моңғол билеушілерінің
іс-әрекеттеріне, соның ішінде діни саясатқа да сабырлы көзқарас қалыптасты. Сонымен
қатар, осы ғалымдардың жинақталған тәжірибелерін жалпылай және зерделей келе, авторлар тек
мәселенің зерттелу деңгейін ғана емес, оның әлсіз зерттелген жақтарын да байқай алды.








