Қазақстанның тарих ғылымы посткеңестік кеңістіктегі елдер секілді кейбір қиын жағдайларды бастан өткеруде. Кеңестің кезеңдегі тарихшылардың коммунистік идеологияға негізделген ортақ көзқарастары Кеңестер елінің ыдырауымен бірге жойылды. Қазақстанның Ресей
Аңдатпа
Қазақстанның тарих ғылымы посткеңестік кеңістіктегі елдер секілді кейбір қиын жағдайларды бастан өткеруде. Кеңестің кезеңдегі тарихшылардың коммунистік идеологияға негізделген ортақ көзқарастары Кеңестер елінің ыдырауымен бірге жойылды. Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі және оның салдарлары мәселесі кеңестік тарих ғылымында біржақты, көбінесе жағымды түрде түсіндіріліп келді. Жұмысшы табына, большевизмге, халыққа, интернационализмге қарсы деген пікірлердің бәрі сыналып келді.Қазіргі кезеңдегі тарихшылардың осы мәселеге қатысты тұжырымдары зерттеушінің қандай ұстанымда тұрғанына байланысты болып отыр. Ресейлік зерттеушілердің көпшілігі патша өкіметінің Қазақстанда жүргізген саясатының өркениеттілік рөлін көрсетсе, ұлттық аймақтардағы жекелеген тарихшылар ғана мұны қолдайды. Тарихшылардың екінші бір тобы бұрынғы кеңестік ұстанымдары тұрғысында қалып, қатты айтылған кейбір әріптестерінің пікірлерін жұмсартып көрсетуде. Үшінші топтағы зерттеушілерге – алыс шетелдік тарихшылар пікірлері жатады. Олар бұрынғы зерттеушілерге қарағанда мәселені объективті түрде қарастырады, бірақ кейбір қателіктерге бой ұрады.
Түйін сөздер: отарлау саясаты, патшалық, ұлттық шет аймақтар, қарым-қатынас, қазақтар, орыстар.








