Ұлы даланың көшпелі мемлекеттерінің мемлекеттік-саяси титулдары: тарихи-салыстырмалы талдау (IV-X ғғ.)

Авторлар

  • O. Karatayev Кастомону университетінің докторы, Түркия, Кастомону қ.

DOI:

10.26577/jh-2019-3-h1

Аңдатпа

Түріктер үлкен империя құра алды. Аумағы – шығыстағы Алтай тауларынан бастап батыста Қара теңізге дейін, солтүстігі Енисейдің жоғарғы жағынан бастап, оңтүстігіндегі Амударияның жоғарғы ағысына дейін. VI ғасырдың басында Қазақстан аумағы Түрік қағанатының қарамағына өтті. Түрік қағанаты – Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекет. Оның негізін қаған басқарған түркітілдес тайпалардың одағы құрды. Тайпалық дәстүрлерге негізделген мемлекет әскериәкімшілік басқаруға негізделді. Ол сол кездегі Иран мен Византия сияқты ірі мемлекеттермен қатынастар жүйесінің бөлігі болды. Қытай қағанатқа алым-салық төлеп отырды. Титулдық көптеген мәдениеттерде мемлекеттің халықаралық беделінің маңызды индикаторы рөлін атқарды. Түрік қағанатында жоғарғы билікке деген қасиетті құқық, ашина руының мүшелеріне ғана тиісті болды. Қоғамның саяси және мемлекеттік құрылымында белгілі бір орынды иелену, белгілі бір титулға ие болуы көптеген жағдайларға байланысты болды, олардың негізгілері тайпалық одақта белгілі бір тайпаға, руға тиесілі болу және т.б. Әлеуметтік детерминанттар (атақтар, дәрежелер, лауазымдар) ежелгі түркі антропонимиясының маңызды құрамдас бөліктері ретінде аталған аттың иесінің әлеуметтік мәртебесі, оның шығу тегі және қоғамның белгілі бір әлеуметтік тобының мүшелігі, оның қоғамның саяси және әкімшілік құрылымдағы орны туралы толық мәліметтерді құрады. Түркі қоғамының саяси және әскери ұйымы көп жағдайда ғұндардың бұрынғы мемлекеттік құрылымдарының дәстүрлерін жалғастырды. Тілдік тұрғыдан алғанда, олардың көпшілігі кірме сөздер – негізінен соғды, қытай және тибет тілдерінен алынған. 

Жарияланды

2019-10-01

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы