Қазақстан тарихының деректану аспектілері (ХХ ғасырдың 50-60 жылдары)

Авторлар

  • G. Zhakupova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/jh-2019-2-h20

Аңдатпа

Бұл мақалада мұрағаттық құжаттарды талдау барысында мыналар анықталады: ғылыми
инфрақұрылым құру, бағыт, деректану зерттеулерінің мәселелері. Бірқатар ғалымдардың
классикалық деректану ізденістерінің кәсібилігі өзектіленеді. Тарихи-танымдық үрдістің табиғаты
мен мақсаттарын және рухани мәдениеттің басқа түрлері арасында ғылыми-тарихи білім орнын
зерттеу маңызды болып табылатынына байланысты. Бұл орайда ХХ ғасырдың 50-60 жылдары
Қазақстанның тарих ғылымының дамуы жүйелі өзгерістердің индикаторы ретінде анықталады.
Осы кезеңде Қазақстан мен Орталық Азияның кейінгі орта ғасыр тарихының деректану
базасында сапалы өзгерістер қалыптасты және меншікті Тарихи-шығыстану мектебі анықталды.
Осы кезеңнің деректанулық ізденістері жалпы мойындалды. Осы кезең ғалымдары шығыс
қолжазбалары басылымдары бойынша оң дәстүрлерді дамытуға үлестерін қосты. Деректану
базасы түбегейлі кеңейіп, кейінгі орта ғасырдағы қазақ мемлекеттілігінің тарихына көзқарастар
қалыптасты және ұзақ жылдар бұрын тек тарихи ғана емес, сонымен қатар археологиялық
зерттеулердің бағыттары мен басымдықтары айқындалды. Сондықтан зерттеудің таңдалған
қыры, ең алдымен, Қазақстанның тарихи ғылымында ХХ ғасырдың ортасынан бастап неғұрлым
бедерлі көрінетін ғылыми деректану әзірлемелеріндегі елеулі өзгерістерге негізделген.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-21

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы