Құжаттарды сыныптаудың басты принциптері (Қыробком құжаттары мысалында 1920-1925 жж.)

Авторлар

  • A. Urazbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/jh-2019-2-h14

Аңдатпа

Жаңа қалыптасқан тәуелсіздік жағдайында өткенімізді зерттеуге, саралауға деген теориялық және методологиялық әдістер кеңейіп қана қоймай байи түсті. Әсіресе, тарихи процестерді түсіндіру мен түсінуде теориялық қор мен методологиялық құралдың мәні бірден күшейді. Басқаша айтқанда, тарихи танымның теориялық негіздері мен жаңа әдіс-тәсілдерді игерудің маңызы артты. Тарих ғылымына идеологиялық ықпал жасап келген коммунистік партияның уақыт сынына төтеп бере алмай тарауы және республикамыздың тәуелсіз дамуы бір кездегі Қазақстандағы тоталитарлық билік зардаптарын жан-жақты зерттеп, зерделеуге жол ашты. Мәселенің жаңаша қойылуы сан алуан тың деректерді кең көлемде тауып, ғылыми айналымға енгізуді қажет етеді.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айқын көрсетілгендей ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу қажеттігі өзекті болып отыр. Осы негізде құжаттармен жұмыс істеудің принциптері, оларды сыныптау, дерек көзі ретінде талдау мәселелерінің де өзектілігі артып отыр. Осыған орай, автор мақалада архив құжаттарын сыныптаудың ғылымда қалыптасқан
принциптері мен түрлерін Қырғыз облыстық партия комитеті құжаттары негізінде талдауға
талпыныс білдіреді. Түрлік, топтық және т.б. сыныптаулар негізінде партия құжаттарының
ерекшелігі, деректік маңызы қарастырылған.

Жарияланды

2019-06-21

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы