Түркі әлеміндегі ыдырау мен өркениеттік дағдарыс үдерісі (XVI-XIX ғғ.)

Авторлар

  • N. Nurtazina Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Z. Maidanali Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/jh-2019-2-h12

Аңдатпа

Мақалада аз зерттелген түркі әлеміндегі кейінгі ортағасыр дәуірінен басталған дағдарыс пен ыдырау проблемасы қарастырылады. Түркілердің бірыңғай мәдени-өркениеттік кеңістігінің жаңа заманда ыдырауының себептері арасында табиғи-климаттық, экономикалық, геосаяси, т.б. бірқатар факторларды атау керек. Мұсылман әлемінің бір бөлігі ретінде түркі әлемі еуропалық елдермен салыстырғанда өркениеттік дамуында артта қала бастады. Кейінгі ортағасыр дәуіріндегі түркі әлемінде ішкі қақтығыстар мен миграциялардың жиілеуі, экономикалық дағдарыс, түркі өркениеттік жүйесінің ыдырауы мен бұдан бұрын өзара байланыста болып келген түркі халықтарының оқшаулануы белгілері байқалады. Жаңа заманға қарай еуразиялық номадизм терең дағдарыс пен құлдилауды басынан кешіреді. Ресей мен Қытай экспансионистік саясат жүргізіп, әрі түркілер арасында этникалық бөлшектенуді қолдап отырғаны негізделеді. Кейбір ғалымдар тарапынан Ресей отаршылдығын Ф. Тернердің «фронтир» (шекара) теориясымен түсіндіруге тырысушылық болғанымен патша өкіметінің Шығыстағы саясаты түбегейлі өзгеше және кертартпалық сипатта көрініс берді. Сондықтан Қазақстан және басқа түркі Еуразия
аймақтарында патшалыққа қарсы үнемі халық көтерілістері болып отырды. Авторлар түркі
әлемінде дербес этностар мен ұлттық тілдердің қалыптасуына бір жағынан дүниежүзілік
объективтік сұраныстар мен үрдістердің көрсеткіші ретінде де қарайды. Қазақ халқының тарихи
жадында ортақ түркі бірегейлігі туралы айғақтар табуға болады.

Жарияланды

2019-06-21

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы