Сакралды триада – от-сүт-ағаш: Саян-Алтай түріктерінің діни-мифологиялық түсініктері
DOI:
10.26577/jh-2019-2-h1Аңдатпа
Қазіргі жаһандану жағдайында дәстүрлі мәдениетті трансформациялау процестері этномәдени өзгерістердің негізгі мазмұнын құрайды, бұл бір жағынан этникалық мәдениеттерді біріктіруді, ал екінші жағынан дәстүрлі құндылықтарды сақтауды білдіреді. Соның нәтижесі ретінде этникалық сәйкестікті нығайту мен дәстүрлі мәдениетті жаңғырту белгіленеді. Негізгі қызығушылықты дәстүрлі мәдениетті трансформациялау жағдайындағы алтайлықтар, тувандар және хакас әлемінің діни-мифологиялық бейнесінің тұрақтылығы тудырады. Дәстүрлі дүниетанымның көрінісі болып саналатын Саян-Алтай түріктерінің діни-рәсімдік мәдениетін қарастыру, салттық, тұрмыстық, өзін-өзі ұстау, этикалық және дүниетанымдық қырларының жиынтығын анықтауға мүмкіндік береді. Оттың, сүттің және сүт өнімдерінің сакралдылығы, әдеттік «азықтандыру», оларды қастерлеу мен тұмар ретінде ұсынылуы, архаикалық нанымдардың және шаманизмнің синтезі болып табылатын, Саян-Алтай түріктерінің этномәдени ұқсастығын көрсетеді. Ағашқа табынушылықтың негізінде де архаикалық анимистік көріністер сақталған. Әдеттегі қарапайым ағаштармен қатар ерекше, сакралды рулық, шамандық және бурханистік ағаштар болған. Шамасы, ағашқа табынушылық рулық одақтың дәуірінде орын алған болу керек. Халықтың діни көзқарастарындағы өзгерістердің әсерінен дамып, өзгеріп жатқан тотемистикалық түсініктер қазіргі уақытта қасиетті ағаштар ретінде сақталды.








