Қазақстандағы 20-30 жылдардағы кеңестік мемлекет және балалық шақ

Авторлар

  • Г. Сексенбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JH-2018-3-273

Аңдатпа

Қазақстандық гуманитарлық ғылымдарда балалық шағының күнделікті тарихын зерттеу жаңа
және әлі де зерттелмеген бағыт болып табылады. Балалық шақ проблемаларын зерттеуге ғылыми
қызығушылықтың туындауы қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы балалар мен балалық шаққа
деген назарларын аударуымен байланысты. Сол жылдардағы «балалық» мәселелерді шешудегі
бұрынғы тәжірибені зерделеу және қайта қарау қоғамдағы идеологияны, институттарды
және балалық саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың заманауи стратегиясын құруға
көмектеседі.
Кеңес Одағы ыдыраған кезде посткеңестік кеңістіктегі тарихшылар тоталитаризм
тұжырымдамасын жиі қолданып, «кеңестік балалық шақтың» мәнін түсіндіре бастады. Балалар
мемлекеттік мекемесі, пионер ұйымы, комсомол және отбасы жаңа әлеуметтік типті «Homo
Soveticus» құру үшін өте табысты зертханалар болып көрінді. Балалар тоталитарлық машинаның
дөңгелін жасауда үлкен идеологиялық тәжірибеде негізгі эксперимент болып табылды. Алайда,
«нақты» кеңестік балалық шақ тоталитаризм теориясына қарағанда әлдеқайда әртүрлі болды.
Мақаланың мақсаты соғыстың алдындағы кезеңдегі балалар мен ересектердің мемлекеттік
жоспарлары мен күнделікті тәжірибелерінен, орталық биліктің ұмтылысынан қалыптасқан
кеңестік балалардың проблемаларын талдау және олардың Қазақстанда жүзеге асырылуын
көрсету.
Бұл жерде сталиндік дәуірдің кеңестік балалық шағы талданады: ХХ ғ. 20-шы және 30-
шы жылдардағы балалық шақтағы кеңестік мемлекеттің идеологиясы мен институттарының
қалыптасуы, осы кезеңдегі балаларға қатысты мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы, оның іс
жүзінде жүзеге асырылуының әлеуметтік-экономикалық қиындықтары қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-01

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы