Көшпелі қазақтардың музыкалық өнерінің дамуындағы сопылықтың рөлі

Авторлар

  • Е. Т. Картабаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Н. Д. Нуртазина Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JH-2018-3-264

Аңдатпа

Мақала қазақ халқының музыка өнеріне сопылықтың тигізген ықпалы мәселесіне арналады. Исламның эзотерикалық бағыты ретінде сопылық, исламның сыртқы қабатын ғана, біржақты қабылдаған заңгерлерден ерекше, түркілердің ертеден келе жатқан рухани дәстүрлерінің дамуына еш кедергі келтірмеді, керісінше оның ары қарай, енді исламның рухани мол қазынасымен толыға отырып, дамуына жағдай жасады.
Зерттеудің нәтижесінде авторлар, жергілікті дәстүрлерге бейімделгіштігімен ерекшеленген сопылық түркі халықтарының музыка өнерінің одан әрі дамуына жағдай жасаған деген қорытындыға келеді. Сонымен бірге, музыка өнеріне айрықша оң қатынасымен ерекшеленген түркі халықтарының бай рухани мәдениетінің сопылық дәстүрлермен өзара әрекеттестікке түсуінің нәтижесінде халықтың догматизм мен қасаңдықтан еркін ерекше рухани мәдениеті қалыптасқандығын көреміз. Ортағасырлық түркі халықтарының рухани мәдениетінің осы ерекшеліктерін дәстүрлі (көшпелі, жартылай көшпелі) өмір салтын ұзақ уақыт сақтаған (ХХ ғ. басы) қазақ халқы мұраланды.

Жарияланды

2018-10-29

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы