Заманауи Қазақстанда ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы тұлғалық білімнің тұжырымдамасы
DOI:
10.26577/JH-2018-2-242Аңдатпа
Ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру жағдайында «Қазақстан-2050»
стратегиясына сәйкес тәуелсіз Қазақстан ғылымының қалыптасуына және дамуына көп көңіл
бөлінеді. Майкл Поланидің тұлғалық білімі туралы тұжырымдамасы республиканың ғылыми
ортасында болып жатқан тенденциялар мен үрдістерді неғұрлым кешенді және егжей-тегжейлі
талдауға мүмкіндік береді.Бұл ағылшын химигі, физигі және философы, постпозитивизм өкілі
Поланийдің теориясы ғылыми зерделеулер мен зерттеулер барысында айналамыздағы қоршаған
ортаның елеулі ықпал етуін болжайды, соның арқасында ұлы жаңалықтар жүріп жатқандығы
және сонымен бірге, жалпы танымдық процесс толығымен салынып жатуымен айқындалады.
Бірінші кезеңде зерттеуші белгілі бір нысандар мен құбылыстарға назар аударып, қоршаған
ақиқаттыққа ене бастайды.Бірақ барған сайын көбірек тартыла бере әр түрлі өзгерістер болуы
мүмкін, соның салдарынан қоршаған ортаның жаңа нысандары мен зерттеу пәндері пайда
бола бастайды. Ал керісінше, ғалым бұрын зерттелетін нысандарға назар аударған болса, ол
зерттеу аясынан шығып, екінші кезектегі күйді алуы мүмкін. Осыған байланысты тұлғалық білім
тұжырымдамасы Қазақстан Республикасында ғылымды қалыптастыру мен дамыту мәселесінде
қолданбалы сипатқа ие. Мақалада М. Поланий тұжырымдамасына негізделген көптеген мысалдар
келтірілген, сондай-ақ, магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдауда және оны жазудың
өзіндік мысалы келтірілген.








