ҚАРАТАУ ЖОТАСЫНЫҢ ҚАРАКӨЗ (ШИМАЙЛЫ) ҚОРЫМЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
DOI:
10.26577/JH2121202610Кілт сөздер:
Ерте темір дәуірі, Қаракөз қорымы, Қаратау жотасы, оба, жерлеу ғұрпы, арғы өмірлік ас, қола айна, құрбандық тас, археология.Аңдатпа
Бұл мақалада Үлкен Қаратау жотасының Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданына, Шалқия ауылынан 20 км солтүстік-шығыста орналасқан Шимайлы жартас суреттері бар нысанмен ортақ бір кешен болып табылатын, ерте темір кезеңімен мерзімделетін Қаракөз қорымындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі болып отыр. Қазіргі таңде бұл қорымдағы үш обада қазба жұмыстары атқарылды. Зерттеудің негізгі мақсаты жерлеу нысандарының орналасуы мен құрылымдық ерекшеліктері, типологиясы, жерлеу дәстүрі, материалдық кешенін сол кезеңдегі тұрғындардың дүниетанымы аясында зерттеу болып табылады. Ғылыми саралаудың негізінде заттай деректер мен жерлеу дәстүрінің таралу аймақтары мен кезеңдерін анықтау. Зерттеудің әдістемелік негізі археология саласында қалыптасқан дәстүрлі салыстырмалы әдіс пен бірге жаратылыстану ғылымдарының нәтижелері арқылы (AMS 14S радиокөміртектік) ескерткіштің абсолюттік мерзімін анықталып отыр. Сынама тікелей №3 обада жерленген адам қаңқасынан алынып отыр. Обаның бүлінбей сақталуы жерлеу орнынан табылған кейбір бұйымдардың қойылу тәртібін анық көрсетіп отыр. Жерлеу орындарына қола айна, құрбандық тас, сырға, жебе ұшы, қылыш және сыз ыдыстардың қойылуы ерте темір дәуіріндегі діни-идеологиялық ұғымдардың күрделілігін жаңа қырынан көрсетеді. Радиокөміртектік талдау нәтижелері мен заттай деректерге сүйене отырып жерлеу орындардың б.з.д. IV–II ғғ жататындығы анықталды. Зерттеу қорытындылары Қаратау өңірінде ерте темір дәуірінде мекендеге тайпаларының жерлеу дәстүрі мен дүниетанымын тереңірек түсінуге маңызды ғылыми үлес қосады.








