ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы Орыс географиялық қоғамының этнографиялық зерттеулерінің кейбір аспектілері
DOI:
10.26577/JH-2018-2-213Аңдатпа
Патшалық Ресейдің Қазақ жерлерін отарлау саясаты 18-ші ғасырдан басталды және екі бағыт бойынша жүзеге асырылды. Біріншісі – әскери, екіншісі – «ғылыми» саясаты. Қазақстанның жерлерін отарлау саясатында Ресей география қоғамының этнографиялық зерттеулері өте маңызды. Қоғамның алғашқы бөлімшелері 1845 жылы Орал, Омбы, Ташкент және Семей қалаларында ресми түрде ашылды. Бұл бағытта Ресейдің жетекші ғалымдары далалық зерттеулер
жүргізіп, қазақ халқына ғылыми мұрасын қалдырды. Семенов Тянь-Шанский, 19 ғасырда
патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік-шығыс бағыты бойынша жүргізген зерттеулері мен
Ф.П. Литктің жұмысы өте маңызды. Сонымен қатар Н.М.Ядринцев пен Г.Н. Потаниннің зерттеу
жұмыстары қазақ халқының этнографиясына арналып маңыздылығын жоймаған. Қоғамның
ғылыми бағытындағы жүргізген зерттеулері Түркістан генерал-губернаторының аумағының
әлеуметтік-мәдени, саяси және экономикалық жағдайына арналған (қазіргі Қазақстан,
Өзбекстан, Түрікменстан және Қырғызстанның оңтүстік аймағы). Осы себепті мақаланың басты
басты мақсаты 19 ғасырдың екінші жартысында және 20 ғасырдың басында Патшалық Ресейдің
Орыс географиялық қоғамының зерттеулеріне негіздеп «ғылыми» отарлау саясатын ашу болып
табылады.
Орыс географиялық қоғамының Қазақстан аумағындағы жүргізген этнографиялық
зерттеулері келесі мәселелерді айқындайды:
– Түркістан жеріндегі Орыс географиялық қоғамының ғылыми қызметінің негізгі мақсаты
орыстандыру болып табылады;
– Қазақ халқының салт-дәстүрлерін, ауыз әдебиетін, дүниетанымын және діни ұстанымдарын
зерттеп, әкімшілік реформалар нәтижесінде Ресей билігінің құрсауына қалай кіргенін дәйекті
түрде көрсетеді.








