Қазақ шенеуніктері және Ресейлік билік: өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері
DOI:
10.26577/JH-2018-2-212Аңдатпа
Мақалада ХІХ ғасыр бойы қазақ даласындағы әкімшілік реформалау аясында құрылған, ресейлік биліктің қазақ элитасының өкілдеріне оларды қызметтерге (сұлтан-билеуші, дистанциялық және жергілікті басқарушылар, аудармашылар, хататушылар, болыс сұлтандары және т.б.) тағайындау барысында қойылған талаптардың өзгеру үрдісі айқындалады. Бірінші кезеңде қазақ халқы өкілдерінің қызметке енуі үшін басты өлшем – «орыс билігіне адалдығы», «жауапкершілігі» және істердегі «тырысушылығы» болды. Бірте-бірте аймақтық әкімшілік жергілікті басқару жүйесіндегі қызметті атқаруға қабілеті бар, ықпалды қазақтардың тізімін құрады. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап ресейлік билік жоғарыда аталған талаптармен қатар қызметке үміткердің шынайы қадір-қасиетін (руға жатқызылуын емес, білім, басқару қабілетін), әкімшілік жұмыстағы тәжірибесін және т.б. есепке ала бастады. Сонымен қатар, берілген мақалада ХІХ ғ. бойы қазақтардың өз қандастарының қызметтегі жұмысын қабылдауының біртіндеп өзгеру үрдісі қарастырылған. Мақала ҚР ОММ қорларынан және жарияланған мұрағат құжаттарына негізделген.








