ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР (1926-2021 жж).

Авторлар

  • Ж.К. Баянова Al-Farabi Kazakh National University image/svg+xml , Фараби , Фараби
  • Ж.М. Терекбаева Al-Farabi Kazakh National University image/svg+xml , Фараби , Фараби

DOI:

10.26577/JH2121202614

Кілт сөздер:

этнодемография, демография, этномәдени, көші-қон, динамика, ұлтаралас.

Аңдатпа

Бұл мақалада Түркістан облысындағы этнодемографиялық үдерістер кешенді түрде зерттелді. Зерттеу материалдары ретінде Қазақстан Республикасының 1926–2021 жылдардағы халық санағы деректері, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты мен облыстық архив құжаттары, ресми статистикалық жинақтар және отандық демографтар мен тарихшылардың еңбектері пайдаланылды. Зерттеу мақсаты 1926-2021 жылдар аралығындағы Түркістан облысының этнодемографиялық даму ерекшеліктерін кешенді түрде талдау, өңірдің этникалық құрамындағы өзгерістердің динамикасын анықтау, көші-қон үдерістерінің халық саны мен этностық құрылымға әсерін бағалау және осы мәселелердің тарихнамалық тұрғыдан зерттелу деңгейін саралау. Зерттеу әдістемесі тарихи-салыстырмалы талдау, демографиялық-статистикалық есептеу, тарихнамалық шолу және жүйелік-құрылымдық тәсілдерге негізделді.

Ғылыми жаңалығы – Түркістан облысының этнодемографиялық дамуы алғаш рет санақ материалдары мен архивтік деректерді қатар пайдалана отырып, аймақтық деңгейде кешенді түрде қарастырылды; этникалық құрам динамикасы мен көші-қон үрдістерінің ерекшеліктері анықталды; тарихнамадағы көзқарастар сыни тұрғыдан талданды.

Зерттеу нәтижесінде Түркістан облысындағы этникалық құрамның өзгеруі бірнеше тарихи кезеңдерге (патшалық Ресей саясаты, кеңестік индустрияландыру және ұжымдастыру, депортациялар, тәуелсіздік кезеңі) байланысты екендігі дәлелденді. Кеңестік дәуірде халық саны мен этностық құрылымға зорлықшыл көші-қон саясаты шешуші ықпал етсе, тәуелсіздік жылдарында қазақ этносының үлесі артып, этнодемографиялық ахуалдың тұрақтанғаны анықталды.

Әдебиеттер тізімі

Алексеенко А.Н. (2015) Этнодемографические эволюции и проблема формирования суверенного социокультурного пространства Республики Казахстан / А.Н. Алексеенко // Социальный портрет современного казахстанского общества: Сб. статей / Институт мировой экономики и политики (ИМЭП) при Фонде Первого Президента РК – Лидера нации. Астана; Алматы. – 25-50 с.

Алексеенко А.Н., Аубакирова Ж.С., Өмірзақ Т.Е. (2022) Возрастная структура населения казахстана в конце хх – начале ххі вв. и демографические вызовы современности. xxi Международная научно-практическая конференция, посвящённая 70-летию Восточно-Казахстанского университета имени Сарсена Аманжолова (3–4 октября 2022 г.). Усть-Каменогорск. – 11-27 с.

Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. (2005) Қазақстан халқының әлеуметтік – демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар). Алматы «Өркениет». – 158 б.

Абдраманов Е.С. (2004) Оңтүстік Қазақстан ауыл тұрғындарының қазіргі кездегі мәдени өмірі (этносоциологиялық зерттеулердің материалдары бойынша). тарих ғыл. канд. дис. Алматы. – 136 б.

Асылбеков М.Х., Козинаның В.В. (1995) «Демографические процессы современного Казахстана». Алматы: Атамұра. – 128 с.

Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. (1991) Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980гг.). Алма-Ата. – 252 с.

Алексеенко А.Н., Алексеенко Н.В., Козыбаев М.К., Романов Б.И. (2001) Этносы Казахстана. Астана: Елорда. – 168 с.

Султаниярова А.Ж. Оңтүстік Қазақстан аймағы тұрғыңдарының демографиялық көрсеткіштері (1999-2014 жж.мәліметтері негізінде). Ғалым-этнограф Б.К. Қалшабаеваның 60 жасқа толуына арналған «Ұлы дала кеңістігіндегі этноархеологиялық зерттеулер мен этносаралық қатынастар мәселесі» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 4 маусым 2020 жыл. – 256-261 б.

Ғали Ә.Б. (2003) Этнодемография және саясат сыры ҚР Президентінің жанындағы мем. қызмет акад. Астана : ҚР-сы Президентінің жанындағы мем. қызмет акад.– 169 б.

Губайдуллина М.Ш., Курылёв К.П., Токберген А. (2023) Динамика этнодемографических и миграционных процессов в странах центральной азии. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы №3 (103).

Досымова Гулдерхан. (2021) “Түркістан облысы халқының демографиялық мәселелері”// Uluslararası. Türk Dünyası Araştırmaları Dergisi. (4/2). – 77-86 б.

Досекеева К.А. ( 2007) Қазақстан ауыл-село тұрғындарының этнодемографиялық және әлеуметтік дамуы (1939-1979 жылдар). тарих ғылымд. канд.... дис. автореф. Алматы. – 26,[4] б.

Дербисалин, А. (1966) Демократические идеи в казахской предоктябрьской литературе. Алма-Ата. – 312 с.

Жайлыбаев Д. (2020) Түркістан облысының этнодемографиялық жағдайы және оның бағыттары мен трансформациясы. Eurasian research institute (eri). https://www.eurasian-research.org/publication/turkistan-bolgesinin-etno-demografik-durumu-yonleri-ve-donusumu/?lang=mn

Казьмина О.Е., Пучков П. И. (1994) Основы этнодемографии: Учеб. пособие. М.: Наука. – 253 с

Назаров Р. Р. (2015) Этническая политика в полиэтническом социуме (на примере Узбекистана) XVIII Международная конференция памяти проф. Л.Н. Когана «Культура, личность, общество в современном мире: Методология, опыт эмпирического исследования», 19-20 марта 2015 г. г. Екатеринбург. – 1644–1654 с.

Әлмаханова А.Б. (1994) Оңтүстік Қазақстанның мәдени өмірі (ХХ ғасырдың 80-90 жылдары): тарих ғыл. канд. дис. Алматы. – 162 б.

Өмірбекұлы Ж. (2010) Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік- демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.): тарих ғыл. канд. дис. Алматы. – 147 б.

Султаниярова А.Ж. (2014) Оңтүстік Қазақстандағы қазіргі этномəдени үдерістер: PhD-докторлық диссертация. Алматы. – 156 б.

Сеитов А. П., Уразалиева Г. Б. (2023) Этно-демографические особенности института семьи в Узбекистане. Постсоветские исследования. Т.6. № 3.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-20

Журналдың саны

Бөлім

3-бөлім Aрхеология және этнология