Қазақстанның аумағындағы және көршілес өңірлердегі халықтың генофондының өзгеруі, атап айтқанда, монголоидтық генетикалық компоненттердің тарихи көші-қон үдерістерінің ықпалы негізінде темір дәуірінен бастап қазіргі қазақ этносына дейін өсуі

Авторлар

  • Г. Баимбетов «ShejireDNA» ғылыми-зерттеу жобасы
  • Н. Баймұханов «ShejireDNA» ғылыми-зерттеу жобасы

DOI:

10.26577/JH-2018-2-241

Аңдатпа

Мақалада палео үлгілерінің көне ДНҚ таңдаулы деректері талданған. Аталған үлгілердің
нәтижелері Nature (2018) журналының “137 ancient human genomes from across the Eurasian steppes”
ғылыми мақаласында жарияланған. Бұл мақаланың негізгі мақсаты – Қазақстан аумағында және
көршілес өңірлерде өмір сүрген көне халықтың монголоидтық генетикалық компоненттерінің
темір дәуірінен бастап қазіргі күндерге дейін өсуін талдау. Көші-қон үдерістерін тарихи тұрғыдан
қалпына келтірудің және монголоидтық генетикалық компоненттердің өсуін талдаудың негізінде,
авторлар темір дәуірінен бастап қазіргі қазақ этносы генофондының қалыптастырылуына дейінгі
эволюциялық жолды түгелдей қалпына келтіруге талпынды.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-07-20

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қазақстанның аумағындағы және көршілес өңірлердегі халықтың генофондының өзгеруі, атап айтқанда, монголоидтық генетикалық компоненттердің тарихи көші-қон үдерістерінің ықпалы негізінде темір дәуірінен бастап қазіргі қазақ этносына дейін өсуі. (2018). Journal of History-Rus, 89(2), 222-237. https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-241