Кеңес өкіметінің орнауы мен Азамат соғысы тарихының беттері Гувер Институтының архив құжаттарында
DOI:
10.26577/JH.2020.v99.i4.11Аңдатпа
Бұл мақалада Гувер институтының архив құжаттарының негізінде кеңес өкіметінің Түркістанда орнауы, азамат соғысы барысында ақгвардияшылардың жеңілуі және олардың көрші мемлекеттердің жеріне кетуі қарастырылған. Түркістанда Уақытша Өкіметтің өлкелік Комиссариаты мен Кеңестердің бір-біріне қарама-қарсы тұрған жағдайды бағалауда тек либералдық көзқарас қана емес (В.А. Климм), большевиктердің (Г. Сафаров) пікірі де келтірілген. В.А. Климм Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау себептеріне қатысты қалыптасқан қоғамдық пікірді дұрыс сезген. В.А. Климмнің пікірінше, Қоқанда Түркістан автономиясының жариялауы большевиктердің тираниясы мен қатыгездігіне қарсы ұйымдастырылған наразылық, сондай-ақ совдеп билігіне балама ретінде қарастырды. Ә. Бөкейхановтың бірінші жалпы Сібір съезіндегі сөйлеген сөзінің мазмұны оның қазақ халқына толық автономия беруді жақтаушы болғандығын айғақтайды. «Алаш» партиясының бағдарламасы жер мәселесін Құрылтай жиналысын шақырғанға дейін және автономия қазынасына кіріс түскенге дейін Алаш Орда Үкіметінің өкілеттігі ретінде шешуді көздегені белгілі. Халық милициясы түрінде құрылған қарулы күштер автономия мен оның азаматтарын қорғауды қамтамасыз етуі қарастырылған. «Алаш» партиясының бекітілген бағдарламасы бойынша, жастарға білім беру жүйесі ана тілінде жүргізілетін болуы керек еді. Тәуелсіздікке жақындаған мұндай «автономияны» большевиктер мойындаудан бас тартты. Адмирал А.В. Колчактың саяси көзқарасы қарастырылған. Оның мәлімдемесіне сүйенсек, А.В. Колчак шексіз монархияның жақтаушысы болған жоқ, заңның үстемдігін жақтады, большевиктерді жеңгеннен кейін шақырылатын Құрылтай жиналысының шешімдеріне бағынуға дайын екенін білдірді. Түйін сөздер: Стенфорд, институт, қос өкімет, өлкелік комиссар, Түркістан, террор, автономия, федерация, атаман, барон.








