2018-2020 жылдардағы Нұра-Есіл өзенінің қасиетті нысандарын зерттеу тарихы
DOI:
10.26577/JH.2020.v99.i4.09Аңдатпа
Есіл археологиялық экспедициясының қазіргі уақытта зерттеу объектісі Солтүстік Сарыарқа ландшафтын мыңжылдық процесті сипаттайтын ежелгі мәдени орталықтар болып табылады. Бұл жұмыста экспедиция Нұра-Есіл өзенінің аумағында 2018-2020 жылдардағы археологиялық жұмыстарының нәтижесінде алған археологиялық материалдар жүйелендіріліп ұсынылған. Сонымен қатар, бұрыннан белгілі мәліметтер зерттеу аймағын сакрализациялау белгі ретінде қарастырылады. Жеке географиялық аймақтың мысалында ландшафтық қасиеттіліктің шарттары мен механизмін зерттеу ұсынылады. Дала этникалық топтарының тарихи тағдырындағы діни ескерткіштердің рөліне ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижесінде әртүрлі дәуірлердің табынушылық нысандарымен қаныққан ірі аумақтық құрылымдар анықталды. Бұл аумақтарды ландшафттан, тарихи және мәдени тұрғыдан жан-жақты зерттеу оларды ерекше қасиетті аумақтар ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді. Алдыңғы зерттеулерден алынған мәліметтерді және Есіл археологиялық экспедициясының жұмыстарын ескере отырып, отандық археологияда алғаш рет солтүстік Сарыарқаның географиялық аймағын осы жерде өмір сүрген ежелгі және ортағасырлық этникалық топтардың мыңдаған жылдар бойына жасаған ерекше қасиетті ландшафт ретінде қарастыру ұсынылады. Қасиетті ландшафт география, әлеуметтану, философия, мәдениеттанудан бастап этнология мен археологияға дейінгі ғылымдар кешенін зерттеу нысаны болып табылады. Қасиетті ландшафтты зерттеу археология ғылымының зерттеу саласына кіреді, өйткені оның мақсаты, көрнекі компоненттері археологиялық ескерткіштердің түрлері болып табылады: бекіністер, ежелгі ғибадатханалар, құлпытастар, жартас өнерінің ескерткіштері. Сондықтан осы мақалада келтірілген археологиялық зерттеулер қасиетті ландшафттарды қалпына келтіруге және зерттеуге айтарлықтай үлес қосады. Түйін сөздер: қасиетті ландшафт, діни ескерткіштер, қыстақтар, кесенелер, археологиялық барлау.








