Интеллектуалды тарих тарихи зерттеулер әдіснамасының бағыты ретінд

Авторлар

  • E. Teleuova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-6914-5206
  • K. Kabdoldina Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-6703-6871

DOI:

10.26577/JH.2020.v99.i4.07

Аңдатпа

Мақалада интеллектуалды тарихтың зерттеу әдіснамасы ретінде маңыздылығының артуына назар аударылады. Сонымен бірге, адамның шығармашылық қызметінің көптеген түрлерін қамтитын интеллектуалды тарихты зерттеу пәнінің тарихнамалық тұстары талданады. Мақала авторлары оны, тарихтың субдисциплинасы ретінде емес, зерттеудегі шекараларды кеңейтуге бағытталған пәнаралық сала ретінде қарастырады және тарихи зерттеулердің бір тәсіл аясында болуының қисынсыздығын көрсетеді. Авторлар дін мен діл мәселелері, ұжымдық мотивация және біздің табиғат әлемімен қарым-қатынасымыз қазіргі кездегі зияткерлік тарихтың маңызды тақырыптары деп санайды. Интеллектуалды тарих тарихтың басқа салаларында жиі қолданыла бермейтін бағыттарды ұсынады. Тарихшылардың зерттеулері философтар мен әлеуметтанушыларға қарағанда мазмұнды болып келеді. Қазіргі заманғы интеллектуалды тарих кәсіби қызығушылықтары адамның шығармашылық қызметінің әр түрлерін, оның шарттарын, формалары мен нәтижелерін зерттеумен айналысатын ғылыми зерттеуді біріктіру басым болып табылады. Бұл «интеллектуалды тарихтың» қалыптасқан зерттеу нұсқаларының болуын, тек интеллектуалды сананы, атап айтқанда өткен заманның көрнекті тұлғаларын зерттеумен шектелуін де жоққа шығармайды. Сонымен, интеллектуалды тарихшылар өздерінің ғылыми ізденістерінде экономика, әлеуметтану, саясаттану, антропология, философия, әдебиет сынды зерттеу бағыттарын ортақ қолдана отырып, олар өздерінің міндеттері туралы және олардың тарихи зерттеулерде қойылатын шектеулерді ескеріп айналысатынын атап өтеді. Мәдени контекст құрған кезде интеллектуалды тарих мәдени тарихтың ішкі бөлігіне айналады, ал мәдениет тарихы интеллектуалды тарихтың сыртқы жағы ретінде қызмет етеді, сондықтан тарихшылар ішкі және сыртқы екі жағына да кәсіби деңгейде назар аударуы керек. Түйін сөздер: интеллектуалды тарих, методология, идеялар тарихы, социоисторизм, мәдениет, ойлау, менталитет тарихы, шығармашылық, түсіндіру.

Автор өмірбаяндары

  • E. Teleuova, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    т.ғ.к., доцент

  • K. Kabdoldina, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

     Гуманитарлық ғылымдар магистрі 

Жарияланды

2021-01-04

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы