Ежелгі мемлекеттік-саяси, әкімшілік атақтар: шаньюй, тархан, буюрук
DOI:
10.26577/JH.2020.v99.i4.03Аңдатпа
Көшпелі халықтар мен Орталық Азия тайпалары өздерінің әскери күштерін орталықтандырып, тайпаларды біріктіре отырып, саяси ұйыммен империялық конфедерация құрды. Төменгі деңгейдегілер жергілікті тайпалық көшбасшылардың беделді ұстанымдарын қолданды. Империялық тайпалық құрылым шетелдік және әскери істерді басқаруға ерекше монополия арқылы қолдау тапты. Бұл құрылым ұйымның үш негізгі деңгейіне ие болды. Империялық көшбасшылық мемлекетті құрған тайпаның билеуші тобына тиесілі еді. Екінші деңгейде, жергілікті тайпалық көшбасшылықты басқаруға және аймақтық әскерлерді басқаруға тағайындалған басқарушылар (governors) болды. Басқарушымен арадағы туыстық байланыс, орталық әкімшілік пен жергілікті тайпа көсемдері арасындағы негізгі кілт болды. Жергілікті тайпа көсемдері ұйымның үшінші деңгейін құрады. Сонымен қатар, көшпелі мемлекет жоғары деңгейде ұйымдасқан отырықшы қоғаммен өзара әркеттесу кезінде ғана пайда болғанымен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысушылар ірі және әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған өркениетті көршілерімен байланыс орнату емес, өздерінің саяси жүйесін құрды. Түрік қағанатының пайда болуымен, қырғыз мемлекеті, ұйғырлардың тарихи аренада ежелгі түркі титулдары және басқа да терминдер айтарлықтай сандармен ең алғаш қытай шежірелерінде, грек, армян, соғды және бактрия тілдерінде (VІ ғасырдың соңғы ширегі – VІІ ғасырдың 40 ж.), содан кейін түркі жазбаларынан, пехлеви мәтіндерінде, тибеттіктердің құжаттары мен басқа да деректерде (VІІІ ғ. басы – ІV ғ.) кездесе бастады. Ежелгі және орта ғасырлық түркі қоғамының әлеуметтік терминологиясының түрлері (атаулары, атақтары, лауазымдары) саяси құрылымдағы қоғам мүшелері, әкімшілік құрылым, оның әскери атағы, рухани немесе азаматтық қатаң сараланған және түрлі функцияны орындады. Түйін сөздер: шануй, буйрук, Қытай, титул, хунну (сюнну), сәнби, түркілер.








