Арыстан бет-әлпеті бейнеленген білезіктер арқылы далалы Қазақстандағы Жошы Ұлысы тұрғындарының мәдени байланыстарының көрінісі
DOI:
10.26577/jh.2020.v97.i2.24Аңдатпа
Мақалада автор Солтүстік Қазақстандағы Алтын Орда дәуіріне жататын күміс білезіктердегі
бейнеленген арыстан бет-әлпетіне семантикалық және толық сипаттама беруге талаптанған.
Мақаланың негізгі мақсаты арыстан бет-әлпетінің бейнеленуі және ортағасырлық Қазақстанның
декоративті өнерінде пайда болуын анықтау. Зерттелетін әшекей бұйым ретінде Солтүстік
Қазақстан жерінде орналасқан ортағасырлық Бозоқ қалашығының қазба жұмыстары кезінде
табылған арыстан бет-әлпеті бейнеленген білезіктер таңдалған. Арыстан бет-әлпеті салынған
күміс қос білезіктер әйелдің білегінде табылған, жерлеу XIII – XIV ғғ. басымен мерзімделеді.
Арыстан бет-әлпеті бейнеленген күміс білезіктерге өте зор қызығушылықты дәстүрлердің
сабақтастығы, алтынордалық «имперлық» стилді қалыптастыратын үдерістер мен ерте мерзімдеу,
генезис пен бейнелеу стилистика мәселелері туғызады. Арыстан бет-әлпетті мотив бір кездері
белгілі болған сақтардың «аң стилінің» елесі екені де әбден мүмкін, алайда ортағасырлық
мұсылман өнерінде кеңінен өз жалғастыруын тапқан.
Арыстан бет-әлпеті бейнеленген күміс білезіктер Жошы Ұлысы кезіндегі әйелдер костюмінің
маңызды әшекей бұйымы болған және әлеуметтік дәрежесі жоғары әйелдерде кеңінен
қолданылған.








