Қазақстан-еуропалық мәдени байланыстар
DOI:
10.26577/jh.2020.v97.i2.12Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан мен Еуропалық мемлекеттер, соның ішінде Германия, Ұлыбритания,
Франция арасындағы гуманитарлық байланыстар талдауға алынады. Тәуелсіздік алғаннан кейін
біздің Республикамыз әртүрлі аумақ халықтарының мәдени кеңістікке интеграциялануына
ықпал ететін халықаралық қоғамдастықтың көптеген елдерімен өзінің дербес саясатын жүргізіп
келеді. Мақаланың өзектілігі осы саладағы ынтымақтастыққа, мәдени мұраны сақтауға және
мәдениетаралық коммуникацияның қажетті деңгейін қолдауға бағытталған ҚР мен ЕО арасындағы
мәдени процестерді зерттеу қажеттілігінен туындап отыр. Мәдениет диалогы үнемі жетілдіріліп,
жаңа формалар мен мазмұнға ие болады. Мәдениет халықтардың жақындасуына жол беретін
көптеген өнер шаралары, соның ішінде концерттер, театрлық қойылымдар мен онкүндік декадалар
арқылы біріктіруші рөл атқарады. Мәдени-гуманитарлық байланыстарды ілгерілету үшін берік
негіз қалыптастыратын ҚР мен ЕО азаматтары арасында «жанды көпір» белсенді жұмыс істейді.
Көптеген елдерде өтетін Қазақстанның Мәдениет күндері, кино декадасы, түрлі фестивальдар
да осының айғағы. Мұрағат және деректік дәлелдерді негізге ала отырып, салыстырмалы-саяси
талдау және сипаттау әдістеріне сүйеніп Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы мәдени
салалар бойынша ынтымақтастық процестер жүйеленді және Еуропа мен әлемде болып жатқан
интеграциялық және ғаламдық өзгерістер контексінде жаңа бағыттарға басымдылық жасалды.








