Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде Қазақстан мен Ресей арасындағы энергетикалық серіктестіктің маңызы

Авторлар

DOI:

10.26577/jh.2020.v97.i2.11

Аңдатпа

Қазақстан мен Ресей арасындағы энергетикалық қарым-қатынастардың проблемалары мен
перспективалары ұлттық экономикалардың тығыз байланысының қарқынды өсуін талап ететін
қазақстандық экономиканы реформалау мен әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында
өзекті мәселелердің қатарын толықтырып отыр. Әлемдік тәртіптің жаһандық және аймақтық
жаңа жүйесі, әсіресе, геосаяси және экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда динамикалық
маңызға ие болып отырған еуразиялық аймақта айқын аңғарылуда. Аталмыш аймақ аясындағы
геосаяси жағдайлар әлемдік экономика мен саясаттың АҚШ, ЕО, Ресей, Қытай тәрізді негізгі
орталықтарының ұлттық қызығушылықтарының тоғысуы және қақтығысымен сипатталады.
Мақаланың мақсатына ЕАЭО-ның мүше-мемлекеттері Ресей мен Қазақстанның жаңа геосаяси
жағдайда энергетика саласындағы екіжақты қарым-қатынасын сараптау жатады. Қойылып
отырған мақсаттың негізінде мақала барысында келесі міндеттерді жүзеге асыру жүктеледі:
мемлекеттер арасында энергетикалық серіктестіктің ерекшеліктері мен императивтерін айқындау;
мемлекеттердің энергетикалық саясат саласында интеграциялық ықпалдасуға қызығушылығын
анықтау; энергетикалық дамудың серпінді бағыттарын анықтау.

Жарияланды

2020-07-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы