ХХ ғасырдағы қазақ-ресей қатынастарының дамуында Башкирияның рөлі
Аңдатпа
Бүгінгі таңда Қазақстан тек Орта Азия елдерінің арасында алдыңғы қатарлы, заманауи уақытқа сай дамыған мемлекетке айнала ғана қоймай, сондай-ақ түркітілдес ел бола отыра, көптеген мемлекеттер үшін үлкен аға іспеттес. Мақалада ХХ ғасырда Башкирияның қатысуымен өткен қазақ-ресей қатынастары дамуының тарихы қарастырылады. Бұл мақала қазақ және башқұрт секілді түркітілдес халықтар арасындағы қатынастар тақырыбын толықтай ашады. Шетелдік бақылаушылар қазіргі таңда осы қатынастарға өзіндік баға бере отыра, көптеген кездері қате қорытындылар жасайды. Осы орайда мақсатты, өзекті және маңызды болып табылатын жәйт – бұл осы мақалада ХХ ғасырда Қазақстан мен Башкирия арасында орнаған қатынастарда зерттеп ашу.








