Қазақ тарақтарының символикасы

Авторлар

  • Sh. Tokhtabayeva Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты

DOI:

10.26577/JH-2019-1-419

Аңдатпа

Тақырыптың өзектілігі мен сонылығы дүниежүзілік қауымдастықтың этникалық мәдениеттердегі
ұжымдық санасыздың мәнін түсінуге назар аударуға негізделген. Осы контекстегі
қойылған
мақсат – Қазақстандағы тарақтың пайда болуы мен оның символикаларының
архетиптік матрицасының рөлін айқындауға толығымен негізделген. Қазақ мәдениетінің нақты
объектісі – тарақтың мағына тудырушы мәнісіне талдау беру мәселесінің қойылуы да, оны
әлемдік дәстүрлер тұрғысынан ұғындыру ауқымы да соны болып отыр. Гигиена бұйымдарының
(тарақ) ортақ категорияларының ғаламшарлық ауқымында олардың мағыналық толтырылуымен
ортақтығының пайда болуындағы архетиптердің мәнін ашу – осы жұмыстың басты идеясы болып
табылады. Зерттеу әдісі ретінде пәнаралық ғылымдардың (археология, этнология, өнертану,
семиотика, фольклор) мәліметтерін пайдалана отырып, тарақтарға жүйелі, оның ішінде, тарихи-
салыстырмалы кешенді талдау тәсілі қолданылады. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері. Тарақ
конструкциясының туындауында – қосарлы екі күштің қарама-қарсылығы туралы адамның атам
заманғы дүниетанымы көрінуі мүмкін. Жын-шайтандар, басқаша айтқанда, денсаулыққа қауіп
төндіретін тоғышарларды имендіретін жыртқыштардың тістерімен ассоциацияланатын кесілген
тістер қарсы келтірілді. Осында ұжымдық санасыздықтағы архетиптік матрицаларының бірі
болатын, амбивалентті кодтың іске қосылуы білінеді. Сүйек тарақтардың дуалы катарсистігі және
онымен қатар, қорғаныш күші туралы түсінік бұйымның санитарлық қызметі мен семантикасы,
ертеректе пайда болған шаштың «өмірлік қуатымен» байланысы негізінде қалыптасқан. Осылардың
барлығы да Қазақстан мен әлемнің басқа да елдеріндегі көне қорымдардағы бұйымдардың жалпы
категориялары: керамикаға зер салуға арналған тұмар тарақтар, шаш тарауға арналған тарақтар
және шашты сәндеуге арналған шаш қыстырғыштардың табылу себебіне айналды. Уақыт өткен
сайын, тарақтар этникалық ерекшеліктері мен көркемөнер эволюциясына сәйкес болатын жаңа
декоративтік идеялармен толтырылды. Тарақтардың бастапқы символдық ядросы өзінің даму
барысында қосымша ой пішіндерімен толықтырылды. Тарақтың таңбалық мазмұндылығы
ғажайып сиқырлы интонациялары бар кейпі қазақ халқының дәстүрлі шығармашылық қызметінің
іргелес салаларында өз көрінісін тапты. Тұтас алғанда, мақаланың нәтижелері дүниежүзілік
ауқымдағы мәдени ортақтықтың этиологиясын әжептәуір толықтырды.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-03-18

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы