Түркістан өлкесінің алғашқы емдеу мекемелері: қалыптасу кезеңдері және жұмыс істеу ерекшеліктері (XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың басы)
DOI:
https://doi.org/10.26577/Аңдатпа
Мақала XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басында Түркістан өлкесіндегі емдеу мекемелері жүйесінің қалыптасуы мен дамуын талдауға арналған. Орталық және өңірлік архивтердің кең ауқымды материалдарына, сондай-ақ жарияланған дереккөздерге сүйене отырып, Түркістанның Ресей империясының құрамына қосылуы жағдайында өңірлік денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуындағы негізгі кезеңдері қарастырылады. Алғашқы кезеңде медициналық көмек негізінен әскери-ведомстволық сипатта болғаны және әскери гарнизондар жанында ұйымдастырылған лазареттер мен госпитальдардың жеке құрамға және азаматтық халықтың шектеулі санаттарына қызмет көрсеткені көрсетіледі. Кейінрек жергілікті тұрғындар үшін амбулаториялық, фельдшерлік пункттер мен қалалық ауруханалардың құрылуынан көрініс тапқан азаматтық денсаулық сақтау институционалдандыру үдерісі айқындалады. Емдеу мекемелерінің қызметін сипаттайтын сандық көрсеткіштерді, соның ішінде олардың санының динамикасын, төсек-орын мен кадрлық құрамын талдауға ерекше назар аударылады. Медициналық мекемелердің қызмет ету жағдайлары қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, жекелеген эпидемиялар және медициналық кадрлардың созылмалы тапшылығы аясында қарастырылады. Сонымен қатар медициналық көмектің мамандануы үдерісіне және алғашқы бейіндік мекемелердің-психиатриялық, офтальмологиялық, инфекциялық-пайда болуына жеке акцент жасалады. Қорытындыда Түркістан өлкесіндегі денсаулық сақтау жүйесі әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды элементі әрі өңірлік қоғамды трансформациялаудың елеулі факторы болғаны негізделеді.
