ҒҰН, ҮЙСІН, ТҮРІК ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ПАТШАЛЫҚТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ӘУЛЕТАРАЛЫҚ НЕКЕ ДӘСТҮРІ
DOI:
10.26577/JH212120261Кілт сөздер:
әулетаралық неке, «құдалық және неке одақтастығы» саясаты, хэцинь, Қытай патшалықтары, ғұн, үйсін, алғашқы түрік қағандарыАңдатпа
Мақала Хань дәуірінен ерте түркі дәуіріне дейінгі кезеңдегі отырықшы Қытай империялары мен Ұлы Даланың көшпелі державалары (хунну, усуни, түркі) арасындағы қарым-қатынас парадигмасындағы негізгі механизм ретінде әулеттік неке (хэцинь) тәжірибесін кешенді талдауға арналған. Дереккөздер ретінде тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы және нарративті әдістер арқылы зерттелген ресми қытай тарихи жылнамаларының жинақтары («Вэйшу», «Бэйшу», «Чжоушу», «Суйшу», «Таншу») пайдаланылды. Жұмыстың мақсаты «бейбіт және туыстық» қатынастарды орнату мен сақтау механизімі ретіндегі неке одақтарының саяси табиғатын, эволюциясы мен ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Дереккөздер мен зерттеулерді талдау бұл тәжірибенің әртүрлі көшпелі бірлестіктермен өзара әрекеттесу кезіндегі үздіксіздігін көрсетеді, бұл хэциньді қытай империяларының сыртқы саясатының ғана емес, сонымен қатар солтүстік шекараларда қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шекара саясатының жүйелік құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бастапқыда неке көшпенділерді бақылап ұстау үшін қолданылған болса, ал Қытайдағы бытыраңқылық дәуірінде (VI ғ.) қарсылас Қытай әулеттері бір-бірінен әскери-саяси артықшылық алу үшін Түркі қағанатымен одақтасуды қолдана бастады. Осылайша, әулеттік некелер қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясының толыққанды элементі болды, жәнеде олар әскери, экономикалық және әкімшілік шаралармен тығыз үйлестірілді. Бұл оларды жағдайға икемделген жауап ретінде емес, ойластырылған ұзақ мерзімді құрал ретінде қарастыруға негіз береді.








