«Сандық ғалам 4.0: кітапханашылардың қысқы мектебі»

Авторлар

  • R. S. Myrzabekova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0001-8479-1505

Аннотация

Кітапхана жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған.  Қазіргі уақытта Қазақстанда 11 мыңнан аса кітапхана жұмыс жасайды. ХХІ ғасырда кітапхананың қоғамдық рөлі өзгерген, кітапхана – сандық ақпараттар аясында жұмыс жасайтын мекемеге айналды.

Сандық ғаламдағы кітапхананың өзекті мәселесін талқылау мақсатында 2023 жылдың 23-24 ақпанында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих факультеті және Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен кітапханашылардың «Сандық ғалам 4,0: кітапхана қауымдастығына арналған жаңа тенденциялар мен міндеттер» атты алғашқы қысқы мектеп ұйымдастырылды.

Қысқы мектептің жұмысына АҚШ-тың Индиана университетінің профессоры, библиограф Акрам Хабибулла, Түркияның Ислам ынтымақтастығы ұйымы (OIC) Ислам тарихы, мәдениет және зерттеу орталғының  (IRCICA) кітапхана және мұрағат бөлімінің меңгерушісі, доктор Дидар Байыр, Иордания Ұлттық кітапханасының Бас Директоры, педагогика ғылымдарының докторы Нидал Ибрахим Мухаммад әл-Ахмад, Иордания Ұлттық кітапханасының ақпараттандыру және архивтану магистрі Тамадор Мукахал және жақын шет елдердің кітапхана саласында еңбек етіп жүрген ғалымдары мен жетекші мамандары – Өзбекстанның Мұхаммед әл-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университетінің «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Б.И.Ганиева, Қ.Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетінің аға оқытушысы М.Н. Теишова, Қазан Мемлекеттік Мәдениет институтының кітапханалық-ақпараттық қызмет және зияткерлік жүйелер кафедрасының доценті Н.Г.Яшина, РФ-ның Саратов қаласының IPR MEDIA басым бағыттарын дамыту жөніндегі бас директордың орынбасары В.В.Кутуева кітапхана саласының өзекті мәселелерімен бөлісті.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-04-13

Шығарылым

Бөлім

Научная жизнь