Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жұмысы: Есік қорымының қазіргі таңдағы техникалық жай-күйі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2020.v98.i3.11Аннотация
Аталмыш мақалада Есік қорымының көне заман ескерткіші ретінде қорғау, сақтау және
пайдалану мәселелеріне баса назар аударылады. Сондай-ақ Есік қорымының қазіргі таңдағы
техникалық жай-күйіне қатысты заңнамалық құжаттарды қайта қарастыру мен толықтырулар
бойынша ұсыныстар келтіріледі. Жалпы, мәдени мұраны сақтауға арналған ауқымды шараларды
тек қана қорық-музейлердің қызметкерлерімен шектелмей, бүкіл халық болып қорғауға тұрарлық
дүниелер ретінде танытады. Материалдық мәдениет ескерткіштері – халық меншігі, олардың
қамқоршысы да халық. Сондықтан халық мұрасын сақтап, қайта қалпына келтіріп, бүгінгі
буынның ойын қозғап, сезімін тебіренту. Ал бұл археология ғылыми идеясының басты бағыты
ретінде кезек күттірмейтін, күнделікті және үнемі тоқтаусыз күресе беретін абыройлы іс болып
табылады. Сол себепті де мақалада жыл сайын анықталған (бұрын- соңды белгісіз болып келген)
ескерткіштерге археологиялық зерттеулер жүргізу және құжаттық тіркеу жұмыстарын қолға алу
жолдары қарастырылады. Сондай-ақ бұл мақаланы өмірлік ұстазымыз Бекен атаға (Бекмұханбет
Нұрмұханбетовке) арнаймыз.
Б. Нұрмұханбетов ғұмырының басым бөлігін тарихи-мәдени ескерткіштердің зерттелуі мен
танылуына, сақталуына арнаған археолог-ғалым. Өмірінің соңында өз шәкірттеріне де осы ізгі
істі қолға алуды өтініш етіп қалдырған болатын. Аталмыш мақала сол абыз археологтың өсиетін
орындау мақсатында жазылды.