Халық медицинасындағы діни наным-сенімдердің семиотикасы мен семантикасы
Аннотация
Автор мақалада халықтық емдеу тәсілдеріндегі діни сенім нанымдардың семиотикасы мен семантикасын көрсетуді мақсат етеді. Сондықтан мақалада халық медицинасындағы исламға дейінгі және исламмен байланысты діни сенім нанымдардың мән-мағынасын ашуды міндет етеді. Мақалада қазақ халқының ілім-білімдер жүйесінің бір саласы халық медицинасындағы емдеу тәсілдері, ондағы қолданатын діни наным сенімдер жөнінде жазылады. Халықтық емдеудің діни сенім нанымдарға негізделген түрлері жүйеленіп берілген. Автор, халық медицинасы негізіндегі емдеу тәсілдерінің діни наным сенімдермен байланыстылығын, емдеу түрлерінде қолданылған тәсілдердің семиотикалық және семантикалық мән-мағынасын көрсетеді.
Мақаланы жазу барысында автор тарихилық, емдеу түрлерін көрсетуде салыстырмалы-талдау әдістеріне сүйенген. Мақала қазақтың халықтық ілім білімдерімен таныстырып, емдеудегі наным сенімдердің исламға дейінгі және исламмен байланыстылығын ажыратуға, ал енді кейбір емдеу түрлерінің әлі күнге дейін жалғасуда екендігін көрсетеді.