Империя ұғымның заманауи анықтамалары

Авторлар

  • К.С. Каражан
        59 456

Аннотация

Бұл мақалада «империя» ұғымының генезисі, әрі заманауи анықтамалары қарастырылады. 1990 жылдан  бастап тарих ғылымының бір саласы  «Жаңа империя тарихы»  алғаш АҚШ мемлекетінде қалыптаса бастады. Қазіргі кезеңде отандық және шетелдік ғылыми зерттеулерде  империя ұғымы, империя тарихы, империология мәселесі өзекті әрі үлкен сұранысқа ие болып отырған күрделі проблемалардың бірі болып табылады. «Жаңа империя тарихы»  аясында қазіргі кезеңде  империя ұғымына байланысты тың түсініктер қалыптаса бастады. Жаңа түсініктердің серпінімен күрделі саяси құрылымның жан-жақтылығын пайымдауға мүмкіндік туды. Шетелдік әрі отандық  ғалымдардың аталмыш тақырып  аясындағы еңбектерін, ғылыми жұмыстарын саралап, ең үздік анықтамалықтар топтастырылды. «Империя» ұғымы күрделі болғандықтан, ғалымдар белгілі бір нышанды өзекке ала отырып, ұғымның мән-мағынасын айшықтағысы келді.

Бүгінде Қазақстан тарихында  империя ұғымына, империология ғылымына  байланысты зерттеулер жоқтың қасы, сондықтан бұл  мәселе бойынша зерттеулер маңызды болып табылады. Мақала авторлары «Империя» ұғымының нақты  түсіндірмесін айғақтайды.

Жүктелулер

Как цитировать

Каражан, К. (2017). Империя ұғымның заманауи анықтамалары. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 84(1), 128–132. вилучено із https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/79

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история