ДІНАРАЛЫҚ ЖӘНЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУДІҢ ӘЛЕМДІК ҮЛГІЛЕРІНЕ ДИСКУРСИВТІ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2020.v96.i1.20Аннотация
Мақалада әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің діни жағдайды реттеуде қолданатын негізгі
құралдары мен механизмдеріне дискурсивті талдау жасалады. Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты
озық тәжірибеге ие мемлекеттердің жүйесін сипаттай отырып, жақсы нәтижеге қол жеткізуге
мүмкіндік тудырған артықшылықтары мен мемлекеттегі діндер мен конфессиялар арасындағы
салауатты қарым-қатынас орнатуға тосқауыл болған кемшіліктерін айқындап, оны өзіміздің
тәжірибемізде қолданысқа ендіре алу мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады. Ғылыми зерттеу
нәтижесі ретінде ұсынылып отырған мақала ғылыми тұрғыда шетелдік дереккөздерден алынған
нақты әрі сенімді мәліметтерді жеткізуімен, тәжірибелік тұрғыда ол мәліметтерді қолданысқа
ендіре алудың шынайы мүмкіндігімен, осы тақырыпта зерттеу жүргізуші ізденушілерге қосымша
құрал бола алуымен маңызды. Зерттеу жүргізу барысында жалпы ғылыми және жеке ғылыми
әдістер, соның ішінде салыстырмалы әдіс, тарихи-хронологиялық, сараптау, талдау, сипаттау,
құрылымдық-функционалдық секілді әдістер қолданылды. Зерттеу жұмысының нәтижесі
ретінде батыстық елдердегі діни жағдайды реттеу тетіктерінің толыққанды талдамасы берілді.