Оғыздардың этникалық тарихы: революцияға дейінгі және кеңестік кезеңдегі зерттеулер

Авторлар

  • Г.Б. Хабижанова
  • А.О. Кошымова
        170 130

Аннотация

Мақаланың мақсатыреволюцияға дейінгі түркі халықтарының тарихына қатысты жинақталған еңбектер мен Кеңестік кезеңнің Қазақстанныңғана емес, сонымен бірге түркі әлемі тарихы ғылымына қосқан үлесі туралы сөз ете отырып, ғылыми айналымға түскен еңбектерге тарихнамалық талдаулар мен зерттеулер жүргізу.Ерте және ортағасырлардағы саяси және этникалық үдерістер бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, мемлекеттердің шекараларының өзгеріске ұшырауы, тайпалық араласулар мен сіңісулер белгілі-бір дәрежеде этникалық байланыстардың орнауына алып келеді. Кез-келген бүгінгі таңдағы этнос этногенез үдерісі басталған ежелгі аумақтық-саяси қауым болып табылады. Осы тұрғыда оғыздардың жаулаушылығы мен қоныс аударуының әлемдік тарихта, түркі әлемі тарихында алатын орны анықталып, түркі тектес - әзірбайжан, ғағауыз, түрікмен, түрік, қырғыз, өзбек т.с.с. халықтардың этногенезінде алатын орны тарихнамалық тұрғыдан талданады. Бірінші кезең түркі дәуіріне қатысты деректердің жинастырылуымен және олардың баспадан жарыққа шығуымен ерекшеленсе, екінші кезең сол жинақталған деректерді ғылыми айналымға шығара отырып, сараптамалар жасалынып, зерттеушілердің ой-тұжырым жасауымен айқындалады. Тарихнамалық зерттеу барысында тарихнамалық дерек ретінде қазақстандық ғалымдармен қатар орыс, сондай-ақ батыс тарихшылары мен шығыстанушыларының еңбектері қарастырылды. Оғыздардың түркі халықтарының этногенезінің қалыптасуындағы орнын анықтау мәселесін қарастыруда тарих ғылымындағы қалыптасқан дәстүрлі және қазіргі жаңа методологиялар басшылыққа алынды. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау әдісі қолданылды.

Жүктелулер

Как цитировать

Хабижанова, Г., & Кошымова, А. (2017). Оғыздардың этникалық тарихы: революцияға дейінгі және кеңестік кезеңдегі зерттеулер. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 84(1), 76–83. вилучено із https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/73

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества