ІІ Академиялық экспедиция және арнайы зерттеулер
Аннотация
Мақалада қазақ даласына 1768-1774 жылдары ұйымдастырылған ІІ Академиялық экспедиция және оның арнайы зерттеулері туралы баяндалады. Экспедицияның мақсаты, құрамы анықталады. Қазақстанның солтүстік-шығысына сапар шеккен экспедиция мүшесі Х. Барданестің сапарлары және дайындаған еңбектері көрсетіледі. «Қырғыз хореографиясы» еңбегінің мазмұны мен маңызы анықталады. Экспедиция мүшесі Иоган-Готлиб Георгидің қазақтарға берген этнографиялық сипаттамасы туралы айтылады. Оның Кіші және Орта Жүздердегі халықтың орналасуы, саны, рулық құрамы туралы мәліметтері ашылады. Ресей Ғылым Академиясының арнайы нұсқауымен этнографиялық материалдар жинақтаған И.П.Фальктің Еділ, Астрахань, Орынбор, Петропавл, Омбы, Семей жерлерін аралау барысындағы жинаған материалдары талданады. Петр Симон Палластың экспедициядағы қызметі ашылады. Автор оның этнографиялық, географиялық, топонимиялық сипаттауларға негізделген арнайы зерттеуіне тоқталады. Николай Пертович Рычковтың қазақ халқының әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы және тұрмыстық жағдайы туралы еңбектерінің мазмұны ашылады. Н.П.Рычковтың «Дневные записки путешествия в Киргиз-Кайсацкую степь в 1771 г.» атты еңбегі пайда болуы баяндалады.